• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 10 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚТАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРА БАСТАДЫ

13.06.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚТАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРА БАСТАДЫ

Сайрам ауданы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бірінші кезеңмен жағдайы төмен және ауыл шаруашылығына қолайлы деп танылған Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округтері ұсынылған.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

Осы орайда, «Түркістан» ӘКК» АҚ басқарушы директоры Н.Исаев, «Ырыс» МҚҰ-ның басқарма төрағасы М.Мыңбаев, Түркістан облысы бойынша «Атамекен ҰКП» директоры А.Ибадуллаев және аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевтар ауыл тұрғындармен кездесті.

Қайнарбұлақ, және Көлкент ауылдық округтерінің тұрғындарымен өткен жиындарда несиелеу шарттарын, кооперация құру механизмі, пилоттық ауылдық округтегі жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру тиімділіктері түсіндірілді.

Бағдарлама аясында қолдауды басым көпшілігін АӘК алушыларға беруді және оларды кәсіпке бейімдеу жоспарланған. Бұл ретте, Ақбұлақ ауылдық округінде тұрғын саны 5600 адамды құрап, 52 отбасы, ал Жібек жолы ауылдық округінде 6060-қа жуық тұрғыннан 83 отбасы АӘК алып жатыр.

Жоба аясында ауылдық округтерде әрбір үйлерді аралап, скриниг жүргізілген. Нәтижесінде мал шаруашылығы және құс шаруашылығымен айналысуға аталған ауылдық округтерінен 200 тұрғынға (оның ішінде АӘК) алушы 24 азамат жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға қызығушылық танытқан.

Бүгінгі таңда 62 азаматтың құжаттары тексеруден өтіп, сүт пен құс шаруашылығын дамыту бағытында «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» және «Қазақбай ДИЯ» ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешендері ашылды. Бұл кешендерде құс шаруашылығы, мал шаруашылығы, оның ішінде сүт өндірумен мал бордақылау бағыттары қосылды.

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қосымша қаржы бөлінуіне орай, аудан бойынша Қайнарбұлақ және Көлкент ауылдарын қатыстыру жоспарланып отыр.

Облыстық ұйымның өкілдері бағдарлама аясында ауыл шаруашылығына қолдау тауып, несиелендірілген азаматтар ішінде облыс бойынша бірінші болып несие алып, өз кәсібін ашқан Ақбұлақ ауылдық округі тұрғыны Тұрар Сүлейменовтің шаруашылығында болды.

Кәсіпкер өз шаруашылығын дамыту жұмыстары мен жоспарымен бөлісті. Жобаны іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт бағытындағы мал шаруашылығы бойынша 8,6 млн. теңге несие алуға мүлкін кепілге қоя отырып, өтінім жолдаған. Нәтижесінде облыстық комиссияның оң шешімімен 8 млн. теңге берілді. Кәсіпкер несие қаржысына Ақмола облысынан 16 бас сауынды сиыр мал басын сатып алған.

Бүгінгі күнде әр мал басынан 10 литрден сүт алып, «Натур Продукт» ЖШС-не тапсырып жатыр. Алдағы уақытта шаруашылығын дамыту аясында мал басын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Жоба аясында ауданда өндірілген өнімдерді Ақбұлақ, Жібек жолы ауылындағы сүт өнімдерін «НатурПродукт» ЖШС-і зауытына, ет өнімдерін «ЕТ-АГРО Манкент» ЖШС-іне, құс етін «Алма» АШӨК-не өткізу жоспарланған.

Ақбұлақ ауылдық округіндегі «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» кооперативінің құрамына кіріп, несие алуға 104 азамат ниет білдірген. Оның 20-сы облыстық «Ырыс» микроқаржы ұйымына тапсырылып, ішіндегі 14 азаматтың құжаттары комиссия қарауынан өтіп, 10 азаматқа жалпы құны 53 млн.теңге бөлінген.

Ал, Жібек жолы ауылдық округінде құрылған «Қазақбай ДИЯ» кооперативінің құрамына кіріп, несие алуға 96 азамат ниет білдірген. Оның ішінде 15 азаматтың құжаттары облыстық «Ырыс» микроқаржы ұйымына тапсырылып, ішіндегі 1 азаматқа 5,4 млн. теңгеге несие қаралды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен ауыл шаруашылығы саласынан басқа да бағыттарды несиелендіру қажеттігі тапсырылған болатын. Осыған орай, жұмысшы топ тарапынан ауылдық округтерін қайта аралап, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы ұсынған шағын бизнес жобалармен таныстырып, насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАППАЙ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ

ЖАППАЙ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ

09.10.2025
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және шешімдердің орындалуы – заң үстемдігінің кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және шешімдердің орындалуы – заң үстемдігінің кепілі

09.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған