• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 9 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Өңір» депутаттық тобының отырысында бизнесті  дамыту мәселелері талқыланды

25.05.2023
in Басты ақпарат
«Өңір» депутаттық тобының отырысында бизнесті  дамыту мәселелері талқыланды

«Өңір» депутаттық тобының сенаторлары «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті. Жиынға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн форматта Өңірлік кеңес төрағасы мен мүшелері және кәсіпкерлер қатысты. Жүздесуде шағын және орта бизнесті дамыту және одан әрі қолдау мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз...

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

08.10.2025

Отырысқа қатысушылар шағын және орта бизнестің өзекті мәселелерін, оның ішінде заңнамадағы олқылықтарды талқылады. Сондай-ақ салық салу, мемлекеттік сатып алу, кедендік әкімшілендіру және туризм сияқты салалардағы жүйелі проблемаларды шешу жолдары ұсынылды.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов сенаторлар алдында сөйлеген сөзінде шағын және орта бизнесті дамытудағы жаңа тәсілдер туралы айтты. Парламентшілер сондай-ақ ұлттық экономика, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция, мәдениет және спорт министрлері орынбасарларының баяндамаларын тыңдады. Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттарға шағын және орта бизнес өкілдерімен өзара іс-қимыл саласындағы істердің ағымдағы жай-күйі туралы баяндады.

Сенаторлар сонымен қатар «Өңір» депутаттық тобымен пікірсайыс тұрғысында 4 отырыс ұйымдастырды. Онда депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және өңірлерден келген кәсіпкерлер шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Сенат депутаттары әр тақырып бойынша өткен отырыстарға төрағалық етті.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Құдайбергенов трансформаторлық болат пен трансформаторлық майды есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлей отырып импорт тізбесіне енгізуді сұрады.

«Елде бастапқы материалдардың үлкен номенклатурасы жоқ. Қазақстандық машина жасаушылар бұл өнімді кеден баждарын және ҚҚС 12% төлей отырып, жақын және алыс шет елдерден импорттауға мәжбүр. Бұл кәсіпорындардың айналым қаражатының шығынына әкеледі. Машина жасау өнімдері технологиялық жағынан күрделі болып табылады және металл өнімдерін импорттаудан бастап дайын өнімді дайындауға дейінгі процесс 3-9 айға созылады. Мұндай шикізат пен материалдарды импорттау кезінде ҚҚС төлеуден босату тек өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына ғана көзделеді. Бұл ретте мемлекет бюджеті шығынға ұшырамайды, өйткені кәсіпорындар дайын өнімді сату кезінде ҚҚС төлейді», – деді кәсіпкер.

Отырысқа қатысушылар жиналыс қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдардың атына жіберілетін ұсынымдарды әзірледі. Алдағы уақытта бұл ұсыныстар  Заңнамаларды  жетілдіру кезінде қаралып,  өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына үлкен септігін тигізбек.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

08.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған