• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 28 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

21.04.2023
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

Қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту — күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 млн жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген.

Оқи отырыңыз...

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

27.06.2025
Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

27.06.2025
КЕНТАУДА МОДУЛЬДІ КАПСУЛАЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

КЕНТАУДА МОДУЛЬДІ КАПСУЛАЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

27.06.2025

Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы – 7 628, 2024 жылы – 8 000, 2025 жылы 8 200 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегіне сүйенсек, 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 21 888 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болған. Оның ішінде жастар жұмыссыздығы 3,9 пайызды құрап отыр.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалған. Жастардың үлесі 43,5 пайызға жетіп, 16 980 адам қамтылды» делінген хабарламада.

Былтыр қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіби білім беру бойынша 1 287 жасты оқуға жолдаған. Олардың 470-і жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында, 262-сі жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыса, 555 адам еnbek.kz порталында онлайн дәріс алған. Ал, кәсіпкерлікті дамыту бойынша 15 376 азаматқа кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Оның ішінде 7 084 -і жастар. Мұндағы 6 629 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданса, 455 жасқа өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілген.

Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 5314 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде 3 855 жас маман. 37 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 2378-і жастар практикасы бойынша, 1115-і қоғамдық жұмысқа, 304-і «Алғашқы жұмыс орындары» және 21-і «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы жолдама алған.

Айта кетейік, азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша 13 847 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан. Оның ішінде жастар саны — 4 752.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА БИЫЛ 60 ГЕКТАР АУМАҚҚА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА БИЫЛ 60 ГЕКТАР АУМАҚҚА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

27.06.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

27.06.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРГЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ 114,3 МЛРД ТЕҢГЕ ТҮСІМ ТҮСІП, ЖОСПАР 114,7%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРГЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ 114,3 МЛРД ТЕҢГЕ ТҮСІМ ТҮСІП, ЖОСПАР 114,7%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

27.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған