• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Азаптауға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі Алматыда өткен конференцияда қаралды

20.04.2023
in Басты ақпарат
Азаптауға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі Алматыда өткен конференцияда қаралды

Алматыда 2023 жылғы 20 сәуірде «Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу: халықаралық және еуропалық стандарттар және озық тәжірибе» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Оқи отырыңыз...

ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

07.10.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ 2040 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЫН ТОЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА БАСА МӘН БЕРУІМІЗ ҚАЖЕТ»

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ 2040 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЫН ТОЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА БАСА МӘН БЕРУІМІЗ ҚАЖЕТ»

07.10.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ҚАЗАҚСТАН «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ+» ФОРМАТЫН ҚҰРУ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ҚАЗАҚСТАН «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ+» ФОРМАТЫН ҚҰРУ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

07.10.2025

Еуропа Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп ұйымдастырған конференцияға еуропалық сарапшылар, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның әрекет етуші судьялары, прокуратуралардың, Құқық қорғау органдары академиясының және ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері, адвокаттары, сондай-ақ халықаралық және отандық үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

Бас Прокурор Берік Асылов, Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас, Еуропа Кеңесінің ынтымақтастық бағдарламаларын үйлестіру жөніндегі директоры Клаус Нойкирх, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі (Парламенті) заң шығару палатасы спикерінің бірінші орынбасары Акмаль Саидовтар сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов конференцияны аша отырып, азаптау мәселесі әлемнің көптеген елдеріне тән екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Республиканың құқық қорғау органдарының алдында еліміздегі азаптаулар мен қатыгездіктерді толық жою міндетін қойды.

Біз бұл зұлымдықпен жүйелі түрде күресуіміз керек, сондықтан азаптауға және басқа да қатыгездікке қарсы іс-қимылдың еуропалық стандарттарын зерделеу, сондай-ақ осы саладағы әріптестермен тәжірибе алмасу маңызды.

Бұдан әрі Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қатыгездік көрсетуге пен азаптауға тыйым салу – іс жүзінде бүкіл әлемде адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттарға да, сондай-ақ ұлттық заңнамаға да енгізілген танылған іргелі құқық екенін атап өтті. Орталық Азияның бес елінің Конституциялары кез келген жағдайда және ешқандай ерекшеліктерсіз азаптау мен қатыгездік көрсетуді қолдануға тыйым салады.

Мұндай жағдайларға қатысты қатаң төзбеушіліктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімді алдын алу нормативтік құқықтық базаны әзірлеу (бұзушылықтарды тиімді тергеп-тексеруді қоса алғанда) тиімді оқытумен және жәбірленушілерге өтемақы беру рәсімдерімен ұштастыра отырып, тұрақты және ұзақ мерзімді шешімнің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов атап өткендей, Қазақстанда азаптауға және тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында 2023 жылғы қаңтардан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру тек прокурорларға тапсырылды.

Ыстамбұл хаттамасының қағидаттарына сәйкес келетін азаптауды тергеп-тексерудің нұсқаулығы мен әдістемесі әзірленді.

Осы жылғы наурызда заңнамаға қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсету ұғымы енгізілді, осы қылмыстардың субъектілерінің ауқымы кеңейтілді.

Қылмыстық қудалау органдары мен түзеу мекемелерінің үй жайларында «көрінбейтін жерлерді» бақылау камераларымен жарақтандыру жүргізілуде.

Қазіргі кезде прокурорлар қолда бар жүйелерге қосылған және онлайн-бақылау жүргізуде.

Азаптаудың алдын алу үшін басқа да шаралар қабылдануда.

Артур Ластаев қатысушылармен заңнамадағы новеллалар және азаптаудың алдын алу жөніндегі өз жоспарларымен бөлісті.

Мәселен, Уәкіл кеңсесінің тікелей қатысуымен Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары іске асырылуда, бұл заңнамалық тұрғыдан мыналарға мүмкіндік берді:

сотталған адам ауыр сырқаттанған кезде жазасын өтеуді кейінге қалдыруды көздеу;

бір жыл ішінде жазасын өтеу бойынша ол босатылған жағдайда баланың анасымен бірге болу мерзімін 3 жастан 4 жасқа дейін ұлғайту;

бұрын сотталғандарды бірінші рет сотталғандардан бөлек ұстауды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, оның пікірінше, алдын алу азаптауды жоюдың алдыңғы қатарында болуы тиіс. Сондықтан келесі маңызды қадам -ұлттық алдын алу тетігі туралы арнайы заң әзірлеу.

Бұл заң осы жағымсыз құбылысты жоққа шығару бойынша бұрыннан орын алған әлеуетті күшейтеді. Бұл бастаманы БҰҰ-ның Азаптауға қарсы кіші комитеті мен БҰҰ АҚЖКБ-ның Жоғарғы Комиссары ағымдағы жылғы наурызда Қазақстанға сапары кезінде қолдады.

Конференция барысында Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың судьясы Лятиф Гусейнов, Сербияның әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сотының судьясы Коста Митрович, Тәжікстан Жоғарғы Сотының судьясы Кенжазода Мұхаммаджалолиддин өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар Азаптаудың және адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсету немесе жазаның алдын алу жөніндегі Еуропалық комитет (ААЕК) Хатшылығы басқармасының басшысы және мүшесі Борис Вудз және Карин Руани-Виммер, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі ЕҚЫҰ бюросының Адам құқықтары жөніндегі департаментінің басшысы Андреа Хубер, халықаралық сарапшылар Эрик Сванидзе және Анатолий Мунтяну, Қазақстан Республикасы Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, Польша Омбудсмені кеңсесінің Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігінің директоры Пржемыслав Казимирски, Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі Толибжон Умаров және Қырғызстан Республикасы Азаптаулардың алдын алу жөніндегі Ұлттық орталығының өкілі Бақыт Рысбеков баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар қатыгездік көрсету мен азаптаулар жағдайларын тергеп-тексерудің озық тәжірибелері, сондай-ақ сот органдарының, прокурорлардың, адвокаттардың және осы мәселені шешудегі әртүрлі құқық қорғау тетіктерінің рөлі туралы айтты.

Еуропа Кеңесі Адам құқықтары жөніндегі директоратының Инновациялар және даму бөлімінің басшысы Сергей Дикман және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов қорытынды сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушылар адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың да, сондай-ақ құқық қорғау институттарының да қатысуымен азаптаудың барлық нысандарын жою бойынша бірлескен күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығын атап өткен қорытынды құжатты қабылдады және бірқатар ұсынымдар берілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Зелёная балка: ещё восемь семей получили новые квартиры

07.10.2025
КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

07.10.2025
ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

07.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған