• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 18 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына өтінімдер қабылданып бастады  

18.04.2023
in Басты ақпарат
Түркістанда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына өтінімдер қабылданып бастады   

Бұл туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің маманы Жанель Қали айтты. Оның сөзінше, аталған көрме-байқау жергілікті өңірдің өндірушілеріне өз әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге жақсы мүмкіндік әрі бұл жоғары нарықтық бәсекелестік жағдайында өте маңызды. Яғни отандық өнімнің сапасын арттыру және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті тауармен толықтыруға бағыттайтын болады.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

14.10.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

12.10.2026
Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

12.10.2026

«Әрбір кәсіпкер өз өнімдерін нарықта еш кедергісіз сатқысы келеді. Сол себепті байқау-көрменің мақсаты да сол, тұтынушыларды сапалы отандық тауарларды сатып алуға бағыттау және өндірушілердің мүмкіндігін кеңейте түсу, осылайша кәсіп иелерін қолдау», — дейді бөлім маманы Жанель Қайратқызы.

Көрме-байқау барысында қатысушыларға аталымдар бойынша жүлделі орындар беріледі.

«Өнім өндірушілер үш номинация бойынша бақ сынайды. Ең бірінші өндірістік тауарларға, сосын халыққа арналған және азық-түлік тауарларының сапасын сараптаймыз. Байқаудың жеңімпаздарына үздік тауар белгісі мен дипломдар табыс етіледі. Сондай-ақ үздік марапат иелері конкурста жеңіп алған эмблеманы төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалануына құқықтары бар. Бұл өндірушілерге берілген үлкен мүмкіндік пен қолдау», — дейді бөлім маманы.

Айта кетейік, көрме-байқау республика көлемінде ұйымдастырылып отыр. Өз кезегінде бөлім маманы Жанель Қайратқызы аталған байқаудың түркістандық шағын кәсіппен айналысатын азаматтарына тигізетін пайдасы мен басты сыйлық қандай болатыны туралы да құлағдар ете кетті.

«Байқаудың тағы бір артықшылығы, көрмеде жаңа қазақстандық брендтер дүниеге келуі мүмкін. Отанымыздың тауар өндірушілерін қолдап қана қоймай, олардың жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндіктер беріледі. Түркістан өңірінен шығатын өнімдерді еліміздің түкпір-түкпіріне таратып, ішкі нарықты толтырып, қамтамасыз ету мүмкіндігін де алады. Облыстан жеңіп шыққан лауреаттар Түркістанды келесі кезең республикалық байқауда таныстыратын болады», — дейді Жанель Қали.

Еске сала кетсек, өткен жылы облыс бойынша осы тектес байқауға сегіз кәсіпорын қатысқан болатын. Байқауда финалға шығып, жеңімпаз атанған компаниялар қазіргі таңда өз жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Айталық, Кентау қаласындағы трансфарматор зауыты мен «Бөрте Милка» кәсіпорны мен Арыс қаласындағы минералды су шығаратын кәсіпорын қазір республика көлемінде танымал кәсіпорындарға айналған.

Бөлім маманының сөзінше, биылғы көрме-байқауда да түркістандық кәсіпкерлердің топ жаратынына сенімі мол.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КНИГИ В ФОРМИРОВАНИИ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ НАЦИИ

17.10.2026
ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

17.10.2026
ЕКІ ЖАҢА МОДУЛЬДІ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

ДВА НОВЫХ МОДУЛЬНЫХ СПОРТИВНЫХ ЗАЛА ОТКРЫЛИ В ШЫМКЕНТЕ

17.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған