• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ «ARTSPORT» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 30 МЫҢ БАЛА ТЕГІН ҮЙІРМЕМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

22.02.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: БИЫЛ «ARTSPORT» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 30 МЫҢ БАЛА ТЕГІН ҮЙІРМЕМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл туралы Түркістан облысы мәдениет басқармасының алқа мәжілісінде айтылды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Мемлекет басшысының балаларды тегін шығармашылық үйірмелермен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында елімізде 2021 жылы шығармашылық үйірмелер бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі енгізілді.

Бұл орайда, Түркістан облысында «ArtSport» жобасы бойынша арнайы платформа іске қосылып, облыс әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жалғасып келеді. Былтыр өңірде 145 мәдени-шығармашылық үйірме ашылып, 7 487 бала қамтылды. Сондай-ақ, 270 спорт секциясы ашылып, оған 23 982 бала барған.

Биыл өңірде жоба шеңберінде балалардың спортпен, дене шынықтырумен айналысуына үлкен көңіл бөлініп отыр.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың мәлімдеуінше, жобаға қатысушылардың құжаты электронды түрде қабылданады. Бағдарламаны жүйелі іске асыру бағытында барлығы автоматты түрде есептеліп, қаржыландырылатын болады. Бұл — жүйенің ашықтығы үшін қолға алынып отыр.

«Жобаның басты мақсаты – спорттық үйірмелерге ақша төлеп қатысуға мүмкіндігі жоқ көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін үйірмемен қамту. Өткен жылы «ArtSport» жобасын жүзеге асыруға 1,6 млрд теңге қаржы қаралған болатын. Ал биыл аталған жобаны іске асыруға 4,6 млрд теңге бөлінді. Оның 2,2 млрд теңгесі мәдениет саласындағы шығармашылық үйірмелерге бағытталды. Жалпы облыс бойынша 30 мың бала спорт және шығармашылық үйірмелерге қатысады деп жоспарланып отыр», — деді Бейсен Дәулетұлы.

Аталған жұмыстарды мәдениет басқармасы мен спорт басқармасы жүргізеді.

Еске сала кетсек, биыл қаңтар айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов елімізде «Artsport» жобасы жалғасатынын, бірақ жаңа форматта болатынын және өткен жылы ережелері қабылданғанын айтқан еді. Бұл ретте, әр өңір аталған бағдарлама бойынша өз бағдарламасын әзірлейді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған