• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ҮЛКЕН АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

02.02.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ҮЛКЕН АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Түркістан облысында бірнеше айдан бері жүргізілген апаттың алдын алу жұмыстарының нәтижесінде толассыз жауған жауыннан келер алапат апатқа жол берілген жоқ. Жауапты орган басшыларының штаб отырысында сарапшылар осындай қорытындыға келді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы шығын көлемін анықтау үшін Кентау мен Сауран ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс көтерді.
Жалпы, жыл басынан бері облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен барлық аудан, қалада су тасқынына қарсы жұмыс күшейтілген болатын. Тұрақты талқыланып, әрбір аудан, қала әкіміне нақты міндеттер жүктелді. Ауа райының алдын ала болжамы назарға алынып, қауіпсіздік нығайып, арықтар мен атыздар, каналдар тазаланды. Техника мен төтенше жағдай департаментінің мамандары, жергілікті әкімдіктер дайындыққа келтірілді. Соның арқасында үлкен шығындар мен апаттарға тосқауыл қойылып отыр.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданы мен Кентау қаласындағы су басқан бірнеше елді мекенді аралап, тұрғындармен кездесті. Ораңғай, Құсшы ата ауылдарын аралады. Көшелерден су қашырту жұмыстарын көрді. Төтенше жағдай департаментінің өкілдерімен бірге жергілікті тұрғындармен жүздесті.
– Жауын-шашынның мөлшерден тыс көп түсуі, ауа райының күрт жылынып, қардың еруі осы жағдайға әкелді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы маңызды. Бұл жағдайда сабыр керек. Ең бастысы, ел аман. Барлық аудан, қаладағы жағдай бақыланып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Ирригациялық жүйелер ашылып, каналдар тазартылған. Жағдай бақылауда, – деді Дархан Сатыбалды.
Қарнақ ауылында қарғын суды бөгеп, бағытын бұру жұмысы жүріп жатыр. Тұрғындар өздеріне арнайы келіп, жағдайын сұрап, елдің арасынан табылған облыс әкіміне ризашылықтарын білдіріп, су тасқыны зардабын жою жұмыстары бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы Шаға ауылындағы бірнеше аумақты аралап көрді. Жауын-шашынның тоқтауына байланысты су деңгейі төмендеген. Дегенмен қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Жауын-шашын көп түсуіне және қардың еруіне байланысты Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарындағы бірнеше ауылдағы үйлердің аулаларын су басты. Еріген қар суы мен жаңбыр суы 19 елді мекендегі көшелер мен аула учаскелері арқылы ағып өтті. Қазіргі таңда 21 көше, 234 аула, 1 тұрғын жеке үйге су кірген. ТЖД күшімен су басқан аула аумағынан 200-ден астам адам эвакуацияланған. Ол адамдар туыстарының үйлеріне жайғасты. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды. Су тасқыны салдарын жоюға барлығы 300-ден астам адам, 100-ге жуық техника, 28 мотопомпа жұмылдырылды. Сонымен бірге басқармалар мен кәсіпкерлер арқылы ондаған техника көмекке келіп отыр.
Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, жаңа жылдан бері су тасқынының алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілген. Әкімдіктер мен департаменттің бірлескен іс-әрекеті арқылы жағдай бақылауға алынып отыр.
Бүгінде Түркістан облысының су басу қаупі бар аймақтары мен су нысандарында 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылған. Судың деңгейі және елді мекендерді қарғын судан сақтау жұмыстары тұрақты қадағалауға алынған.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған