• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 14 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

27.01.2023
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірлік инвестициялық штаб құрылған болатын. Аталған штабтың алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Оған инвесторлар бейнебайланыс арқылы қатысты. Өңір басшысы Түркістан облысына инвестиция тартуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған штабтың маңыздылығына тоқталып, әкімдіктер мен инвесторлар арасында кедергісіз диалог орнатылып, өндіріс орындары көбейетінін жеткізді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды. Менің ойымша, бұл тұрғыда Түркістан облысының әлеуеті жоғары. Қысқа уақыт ішінде біздің аймақ инвестицияға тартымды өңірге айналып, оң имиджге ие болды. Жиынға арнайы қатысып отырған инвесторлар мен серіктестерге өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдіремін. Бұл штабта жобалар жедел қаралып, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Мақсаты – жобаларға қолдау көрсетіп, нақты шешімдер қабылдау. Менің төрағалығыммен штаб құрамына облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер, қаржы институттарының басшылары және бизнес өкілдері кіреді. Тұрақты негізде өтетін штаб отырысында инвесторлармен тікелей байланыс орнатылады, әкімшілік кедергілерді жою, қолайлы жағдайлар жасау және үйлестіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, өңір экономикасы үшін қайта өңдеу өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен, туризм сияқты базалық секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аударылады, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы инвестштабтың алғашқы отырысында талқыланатын жобалармен таныстырды. Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасов осы бағыттағы жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, отандық ірі кәсіпорындардың шикізатын пайдалана отырып, жоғары қосылған құны бар өндірісті дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда «ERG», «Қазақмыс», «Орда Гласс», және атыраулық «KPI» компанияларымен байланыс орнатылуда. Жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдары және өзге де өндірістер бойынша жобалар жүйеленіп жатыр.
Инвестициялық штаб отырысында «Turkistan» АЭА АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ж.Төлебековтың «Turan» АЭА дамыту тұжырымдамасы туралы баяндады. Қолданыстағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының бүкіл аумағын «TURAN» АЭА аумағына қосу болжануда, ауданы 3987 гектарға ұлғаяды. Өңірге инвестиция тарту жұмысы күшейіп, кәсіпорындар ашылмақ.
Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы инвесторлардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен бірге Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов ауданда жүзеге асатын жобалар туралы баяндады. Ауданда үш жылда 33 жоба жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорындар көбеюі нәтижесінде 1700 жаңа жұмыс орны ашылады. Алдағы уақытта инвестштаб отырыстарында әр аудан, қала әкімдерінің инвестиция саласындағы есептері тыңдалып, жобалары тұрақты талқыланады.

Оқи отырыңыз...

Жастардың жаңа мүмкіндіктері: Құрылтай көтерген маңызды бағыт

Құрылтай – ел дамуының жаңа міндеттерін айқындайтын маңызды алаң

13.08.2026
«ZHASTAR FEST» ІС-ШАРАСЫНДА ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

«ZHASTAR FEST» ІС-ШАРАСЫНДА ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

13.08.2026
Құрылтай сайлауы: жаңа саяси жүйедегі маңызды қадам

Құрылтай сайлауы: жаңа саяси жүйедегі маңызды қадам

12.08.2026

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ДАУЫС БЕРУГЕ ЕКІ АПТА ҚАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР

ДАУЫС БЕРУГЕ ЕКІ АПТА ҚАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР

13.08.2026
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

13.08.2026
Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны  қосымша аккредиттеді

Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны қосымша аккредиттеді

13.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған