• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ОҢТҮСТІК АУДАНДАРДЫҢ ДАМУЫ, МҰНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ АШЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

13.01.2023
in Басты ақпарат
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ОҢТҮСТІК АУДАНДАРДЫҢ ДАМУЫ, МҰНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ АШЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

Түркістан облысында өнеркәсіптің дамуына басымдық беріледі. Жеке өндіріс және кәсіпорындардың артуына күш салып, индустриалды аймақтарды жаңа кезеңге шығаратын нақты жоспар қажет. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданына жұмыс сапарында «Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары сапалы орындалуы тиіс», деді. Бұл бағытта аудан әкіміне бірқатар міндет жүктеп, жұмыс орындарын көбейту бағытындағы жобаларға қолдауды күшейтуді тапсырды.
Облыс басшысы өндіріс орындары мен құрылыс нысандарын аралап, жауапты сала басшыларымен кездесті. Ақалтын елді мекенінде орналасқан ауданның индустриалды аймағының жұмысымен танысты. Мұнда 5 кәсіпорын жұмыс істейді. «Береке ММА» ЖШС-ның мақта өңдеу зауыты, «Қазақстан-Ресей» мақта компаниясының мақта өңдеу зауыты, «Zhanassyl» ЖШС-ның мақта өңдеу зауыты, «El kz» ЖШС-ның асфальт-бетон зауыты, «Soldatos» ЖШС-ның асфальт-бетон зауыты және «Инженерная арена» ЖШС-ның күн электр станциясы іске қосылған. Аталған кәсіпорындарда 300-ге жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.

Оқи отырыңыз...

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

13.05.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

13.05.2025
ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025

Биыл Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында «Ырысты Береке» ЖШС-ның асфальт-бетон зауыты және «Мырзашөл құс» ЖШС-ның құс шаруашылығы фабрикасы іске қосылатын болады. Облыс әкімі индустриалды аймақтың әлеуетін тиімді пайдалану, кәсіпорындарды көбейту жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді.
– Облысымыздың басым бағыты – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Жаңа кәсіпорын ашамын, халықты жұмыспен қамтимын дейтін азаматтарға қолдау көрсетіледі. Аудан әкімдігі іскер, белсенді, нақты жобасы бар азаматтарға жағдай жасап, кәсібін ашуына көмектесуі тиіс. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар лайықты адамдарға берілсе ғана өндіріс көлемі артады. Индустриалды аймақтың әлеуетін толық пайдалануды тапсырамын. Өзбекстанмен шекаралас жатқан Оңтүстік аудандардың дамуы, мұнда кәсіпорындардың ашылуы бақылауда болады. Бұл аймақтардың әлеуеті жоғары, – деді өңір басшысы.
Д.Сатыбалды 2022 жылы іске қосылған «Zhanassyl» ЖШС-ның мақта өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Мұнда 150 адам жұмыспен қамтылған. Жобаның қуаттылығы – жылына 65 мың тонна. Одан кейін Мақтаарал ауылдық округі, Көкарал елдімекенінде орналасқан «Tulpar-May» ЖШС-ның май шығару зауытында болды. Қазақстан мен Түркия елдері бірлесіп ашқан «Tulpar-May» ЖШС жылына 2,9 мың тонна мақта майын, 14 мың тонна шрот өндіреді. Жалпы инвестиция көлемі – 2,1 миллиард теңге. Зауытта 48 адам жұмыс істейді. Жылына 10 мың тонна мақта өңдеуге қауқарлы.
Облыс басшысы Мақтаарал ауданында орналасқан «Атамекен» кедендік бекеті мен «Сырдария» бақылау-өткізу пунктінің жұмысын, жай-күйін көрді. Сонымен қатар Жаңажол ауылдық округі, Нұрлыжол ауылында орналасқан 200 орынға арналған «Нұрлы жол» мектебінің құрылысын бақылады. Бұл білім ұясының құрылысы да қатаң бақылауға алынған. Құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы мен өзге де себептерді желеу еткен мердігерлер облыс бойынша 10-нан астам мектептің құрылысын тоқтатқан. Өңір басшысы жауаптыларға қажетті қаражатты қарастырып, құрылысты жандандыру жөнінде тапсырма берді. Тапсырыс беруші мен мердігердің келісімшартта көрсетілген міндеттерін орындауы тұрақты қадағаланады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

13.05.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

13.05.2025
ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған