• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 4 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыру шарасы қалай іске асады

13.01.2023
in Басты ақпарат
Шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыру шарасы қалай іске асады

Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру 23 қаңтарда басталып, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Newqazaq.kz ақпараттық порталы Zakon.kz сілтеме жасай отырып.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыру рәсімі қалай өтетінін баяндап берді.

«Ережелер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді. Ережелер бүгін жарияланғанын ескерсек, олар 2023 жылғы 23 қаңтарда, дүйсенбіде күшіне енеді. Сол күннен бастап біз заңдастыруды бастаймыз. Қандай жағдайда автокөліктер 200 мың теңге көлемінде алым төлеп және құтқару бажынан босатыла отырып, заңдастыруға жататыны ережеде жазылған». Игорь Лепеха.

Заңдастырудың мынандай критерийлері белгіленді:

  1. Көлік елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек.
  2. Іздеуде болмауы керек.
  3. Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған.
  4. Қажет болған жағдайда кедендік ресімдеуден өту.

Ережелер 2023 жылғы 1 шілдеге дейін әкелінген және жалпы салмағы 5 тоннаға дейінгі жеңіл автомобильдерге, шағын және орта габаритті автобустарға және жалпы салмағы 3,5 тоннаға дейінгі шағын жүк көліктерге жүреді.

Меншік иесі төрт құжат ұсынуы керек:

  • өтінім;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
  • осы көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін арнайы нөмірді тексеру үшін көлік Мамандандырылған ХҚКО жанынан құрылған тексеру бекетіне жіберіледі. Нөмірді ішкі істер органдарының сот-медициналық сарапшысы тексереді. Тексеруден өткеннен кейін екі күн ішінде көліктің заңдастыруға жататын-жатпайтыны жөнінде шешім қабылданады.

Тексеру сәтті өткен жағдайда өтініш берушінің ұялы телефонына көлік құралын тіркеу үшін Арнайы ХҚКО-ға келу қажет екенін жөнінде қысқаша хабарлама жіберіледі.

Тіркеу үшін көлік құралының иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым, техникалық төлқұжат (4 313 теңге) пен мемлекеттік нөмір (9 660 теңге) үшін мемлекеттік баж салығын төлейді және құжаттардың түпнұсқасын (шетелдік техникалық паспорт, меншік құқығын растайтын құжат) Мамандандырылған ХҚКО қызметкеріне ұсынады.

Барлық рәсім аяқталғаннан кейін автокөлік иесіне тіркеу құжаты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірі беріледі.

«Заңдастыру аяқталғанға дейін біз рейд жүргізбейміз. Бірақ мен сіздерге ескертемін, заңдастыру аяқтала салысымен біз «Заңды жүргізуші» рейдін жүргіземіз. Сол кезде шетелде һесепке қойылған көліктердің бәрінің тіркелгені жөнінде құжаты бар ма, жоқ па, соны тексереміз.” Игорь Лепеха.

Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді қазіргі заңдастыру бір реттік науқан екенін ескертті. Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелде есепке қойылған автокөлікті сатып алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасында уақтылы тіркеу талаптарын орындауы тиіс.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте чествовали учителей

Шымкентте үздік ұстаздар ұлықталды

03.10.2025
В Шымкенте чествовали учителей

В Шымкенте чествовали учителей

03.10.2025
Умная мобильность в действии: Шымкент внедряет интеллектуальный транспорт

Умная мобильность в действии: Шымкент внедряет интеллектуальный транспорт

03.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған