• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 4 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР «ШАРДАРА» СУ ҚОЙМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

06.01.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР «ШАРДАРА» СУ ҚОЙМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

Сырдария өзенінің жоғарғы ағысының артуынан «Шардара» су қоймасына тасталған су мөлшері көбеюде. Соңғы күндері су қоймасына орташа есеппен 1500 м3/сек не тәулігіне 42 млн. м3 су келіп, су қойманың төменгі ағысына 1011 м3/сек су босатылуда. Бұл су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғып, көктемгі тасқын су апаттық жағдайдың болу тәуекелділігін арттырады. Су шаруашылығы саласының мамандары стратегиялық маңызы бар «Шардара» су қоймасындағы қауіпке Үкімет назарын аударуы қажет айтып, дабыл қақты. Кезек күттірмейтін мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025

Оған «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Маханбет Жазықбаев, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Күлән Қожамқұлова, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазбек Бедебаев қатысты. Облыс әкімі маңызды мәселеге қатысты сараптау жүргізуді тапсырды.
Сырдария өзенінің бойында орналасқан «Шардара» су қоймасы жарты ғасырдан асам уақыт бұрын пайдалануға берілген. Су қойманың жалпы көлемі – 5200 млн.м3. Су қоймада қазіргі таңда 4 млн.м3 астам су бар. Көксарай су реттегішіндегі су көлемі де артқан. «Шардара» су қоймасында апаттық жағдай орын алған жағдайда су қойманың төменгі бөлігіндегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі бар.
Осыған байланысты «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының басшылығы бірнеше ұсыныс көтерді. Сала мамандары Түркістан облысында су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатерлерінің алдын алу үшін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне наурыз айына дейін «Шардара» су қоймасының толуын 70 % -дан (3 600 млн.м3) асырмау және «Көксарай» су қоймасын 1600 млн.м3 асырмау жөн деп санайды. Қауіптің алдын алу үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан мәселені мемлекетаралық келіссөздер арқылы шешуге ықпал жасаудың маңыздылығын алға тартты. Су шаруашылығы саласының мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайдың алдын алу жөнінде Үкімет деңгейінде штаб құрудың маңыздылығын көтерді. Аталған мәселелер бойынша Үкімет пен тиісті министрлікке хат жолданды.
Басқосуда су астында қалған Мақтаарал ауданындағы жағдай айтылды. Мәселен екі-үш жыл бұрын жарылған Сардоба су қоймасына 900 млн. текше метр су жиналса, «Шардара» су қоймасының көлемі одан 5-6 есе үлкен. Сондықтан шұғыл түрде Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасының жанынан апатты су қашыртқы салынуы қажет.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте чествовали учителей

Шымкентте үздік ұстаздар ұлықталды

03.10.2025
В Шымкенте чествовали учителей

В Шымкенте чествовали учителей

03.10.2025
Умная мобильность в действии: Шымкент внедряет интеллектуальный транспорт

Умная мобильность в действии: Шымкент внедряет интеллектуальный транспорт

03.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған