• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 3 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕЛЕС АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

29.12.2022
in Басты ақпарат
КЕЛЕС АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Келес ауданының әкімі болып Ағыбаев Жәнібек Есенұлы тағайындалды. Облыс әкімі аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Ерекше назар аударар бірқатар бағыттарды атап өтті. Қызмет барысында Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Жаңа өндіріс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту жұмыстарына күш салуды, инфрақұрылымды дамытып, ауыл шаруашылығы саласын жандандыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025

Өз кезегінде Жәнібек Ағыбаев сенім білдірген облыс басшысына алғысын білдіре отырып, ауданды дамытуға алға қойылғкн міндеттерді орындауда бар күш — жігерін жұмсайтынын жеткізді. 2018 жылы жаңадан құрылған Келес ауданының әкімі болған Ақментай Есбаев отставкаға кетті.

Ағыбаев Жәнібек Есенұлы 1976 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Астана аграрлық университетін және «Тұран -Астана» университетін бітірген. Мамандығы — жерге орналастыру, құқықтану.
Экономика ғылымдарының кандидаты.

1998 — 1999 жылдары Астана қаласындағы «Земля» ЖШС-нің маманы болған. 1999-2004 жылдары Астана қаласындағы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің бойынша жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорны, жерге мониторинг жүргізу, бағалау және конкурстық сату секторының жетекші маманы, бөлім басшысы болды. 2004-2005 жылдары Атырау қаласындағы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облысы бойынша жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорны бас инженері болды. 2005-2011 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Астана жер орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директоры қызметінде болды. 2013-2016 жылдары Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болды. 2016-2018 жылдар аралығында ОҚО Сарыағаш қаласы әкімнің орынбасары қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болды. 2019-2020 жылдары Астана қаласындағы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару басқармасының басшысы қызметінде болды. 2020-2022 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілі жұмысын атқарған. 2022 жылдың қазан айынан бері Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етіп келді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

03.10.2025
Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

02.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған