• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАНДА Е.ҚОШАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

09.12.2022
in Без рубрики
ТҮРКІСТАНДА Е.ҚОШАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға партия Төрағасы Ерлан Қошанов, өңірлік саяси кеңес мүшелері, мәслихаттардағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының басшылары, облыстық партия активі қатысты. Жиынды өңірлік филиалдың атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Қалыйма Жантөреева модераторлық етіп жүргізіп отырды.

Оқи отырыңыз...

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

24.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

23.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

22.04.2025

Конференция жұмысын аша отырып, «AMANAT»-тың Төрағасы алдағы сайлау науқаны кезеңіндегі партиялықтардың алдында тұрған бірқатар басым міндеттерді айқындап берді.

«Сайлауы өзгеше саяси тәртіпте, жаңа ереже бойынша өтеді. Сондықтан сайлау кампаниясының стратегиясын қазірден дайындап алуымыз қажет. Өткен Президенттік сайлау кезінде бізге халықтан 51 мың ұсыныс пен тілек келіп түсті. Соның 3 мыңнан астамы Түркістан облысының халқынан жиналды. Тұрғындарды жалақының төмендігі, тұрғын-үй мәселесі, жұмыссыздық қатты алаңдатады. Сондықтан аталған мәселелер сайлауалды тұғырнамада көрініс табуы керек», – деді партия Төрағасы.

Партия Төрағасы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерін азаматтардың мәселелерін шешу үшін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.

«Біз өз сайлаушыларымызбен және жақтастарымызбен әрдайым тығыз байланыста болуымыз керек. «AMANAT» партиясы – ел Президентінің қоғамдық тірегі. Оның өңірлік желілері де, Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттар саны да көп. Аманаттықтар әрқашан алдыңғы қатардан табылады», – деді Ерлан Қошанов.

Ол Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде волонтерлер мен партия белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмекті таратуға атсалысқанын атап өтті. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер және бірінші кезекте қажетті заттар табысталды. Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр.

«Зардап шеккен отбасылардың баспаналарында жөндеу жұмыстары басталады. Осы кезде Екібастұздағы балаларды еліміздегі, соның ішінде Түркістан облысындағы шипажайларға жіберуге де болады деп санаймын. «AMANAT» партиясы 1300-ден астам оқушының қысқы каникул уақытында елдегі демалыс кешендеріне баруына жағдай жасайды», – деді Ерлан Қошанов.

Ол сондай-ақ, партиялықтар жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Жастар қатарына кіретін азаматтардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін жастар саясаты туралы жаңа заң жобасын ескере отырып, бұдан былай сайлаушылардың 40%-дан астамы осы санатқа жататын болады.

Сонымен қатар, аймақтардағы аманаттықтар тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейтуі тиіс. Олардың қатарында «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» және т.б. жобалар бар.
Конференция барысында филиалдың жаңа төрағасы сайланды.

Осылайша, конференция жұмысына қатысқан делегаттар ашық дауыс беру арқылы Алтынсары Үмбетәлиевті «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жаңа басшысы ретінде сайлады. Ол бұған дейін Шымкент университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол экономика ғылымдарының докторы.

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған