• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 9 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫН ІЗДЕЙДІ

30.11.2022
in Басты ақпарат
«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫН ІЗДЕЙДІ

Елімізде бесінші рет өткізілетін конкурс туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізген Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері айтып берді. Байқауды ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және КТК телеарнасы ұйымдастыруда.
«Қайырымдылық керуені» конкурсы қайырымдылық істерді жүзеге асыруға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Осы байқау арқылы жыл сайын еліміздің дамуына қомақты үлес қосқан, батыл азаматтар мен меценаттар анықталады.
–Мұндай акция арқылы қайырлы істерді жүзеге асыратын, Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарып жүрген мейірімді, әрі батыл жандарды танымал етуді мақсат етеді. Өткен жылы байқауға Шымкент қаласынан 40-қа жуық азамат қатысып, 3-і республикада жеңімпаз атанды. Осындай адамдарды елге дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты қайырымдылық пен ізгіліктің жарқын үлгісі арқылы адамгершілік ұстанымына тәрбиелеуге ықпал етпекпіз, — деді Іскер әйелдер қауымдастығының Шымкент қалалық филиалы өкілі Әсем Әділбекова.
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосатын және қайырымдылық бастамаларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Лауреаттар келесі номинациялар бойынша анықталады:
— «Асар» номинациясы қайырымдылық істері ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты тұлғаларды марапаттауға бағытталған;
— «Туған жер» туған жеріне білім, экология мен абаттандыру салаларында көмек көрсетіп жүрген жандарға арналған;
— «Батыл жүрек» номинациясы аясында ерлік көрсеткен, қайсарлық танытқан тұлға марапатталады;
— «Мейірім жолында» номинациясы өз еркімен және өтеусіз көмек көрсететін, қайырымдылық жасайтын жанға табыс етіледі;
— «Қайырымдылық тарихы» номинациясы БАҚ қайырымдылық тақырыптарын үздік жариялайтын, қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударатын материалдардың шығуын қамтамасыз ететін журналиске және шығармашыл ұжымға беріледі.
-«Бала жүрегі» номинациясы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, батылдығы және қайырымдылықты іске қатысқан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге беріледі.
-«Жануарларға мейірім» номинациясы жануарларды қоғайтын, оларды асырауға көмектесетін, жануарлар әлеміне қатысты мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын лауреаттарға беріледі.
Конкурсқа қайырымдылық қызметі мемлекеттің қолдауына (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты кәсіпкерлік субъектілері мен тұлғалар қатыса алмайды.
Байқауға қатысу үшін өтінімді 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін www.fnn.kz және www.buzinesswomen.kz сайттары арқылы беруге болады.
«Шымкент келбеті»

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
«ТЕҢГІЗШЕВРОЙЛ» КОМПАНИЯСЫМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМДЕР ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

«ТЕҢГІЗШЕВРОЙЛ» КОМПАНИЯСЫМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМДЕР ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

06.06.2025
ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

05.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

БІЛІКТІ ҰСТАЗ

БІЛІКТІ ҰСТАЗ

09.06.2025
Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

В Шымкенте в этом году 260 людям будет предоставлен безвозвратный грант

09.06.2025
Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

09.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған