• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 17 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ

28.11.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ

Оқи отырыңыз...

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

14.10.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

12.10.2026
Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

12.10.2026

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен «ЖАЛЫН» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Turan zhastary” атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты — жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттік ұйымдарымен жастар ұйымдарының бірлескен тәжірибе алмасу алаңын құру.
Екі күнге созылған шара «Тау самалы» демалыс аумағында ұйымдастырылды. Жалынды жастардың басын біріктерген шараның ашылу рәсіміне Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасары Бахыт Сәрсенбайұлы Ахымбетов пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нүркен Бауыржанұлы Аралбеков және «ЖАЛЫН» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрмет Керімбеков қатысты.

— Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Тұран жастары» шарасы — тәжірибе алмасу алаңы. Осы екі күнде сіздер бір-бірлеріңізбен тәжірибе алмасып, жаңа достар табады деп үміттенемін. Аталған шара әлеуметтік, кәсіптік, білім-дағдылық дамуларыңызға өз үлесін қосады деп сенеміз, — дейді Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасары Бахыт Сәрсенбайұлы Ахымбетов.

Шара аясында білікті спикерлер көкейкесті мәселелер бойынша семинар тренингтер өткізді. Спикерлер қатарында «Отырар» телеарнасының жүргізушісі, диктор Жанат Тоқтарбай мен Жанерке Құмар, Олимпиада чемпионы Сәкен Бибосынов, қоғам белсендісі Данияр Алан және облыстық қоғамдық кеңесі мүшесі Құрмет Керімбек, сонлай-ақ Түркістан облысы, жастар ресурстық орталығы басшысы Ерасыл Төлебаев, заңгер Ермек Бекбосынов, блогер Асхат Шотаев болды.

Әр спикер киберпсихология, қоғам алдында сөйлеу, NEET жастармен жұмыс жасау бойынша ұсыныс, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ мемлекет және жастар сынды тақырыптарда қызықты ақпараттармен бөлісті. Ал шараның хедлайнері Сәкен Бибосынов қызығы мен қиындығы қатар жүрген өз спорт жолын айтып, жастарға үлкен мотивация бере алды.
Пайдалы тренингтерден кейін жастар кешқұрым «Домбыра party» шарасына қатысып, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жастар қоңыр үнді домбыра күйін тыңдап, гитарамен әуезді ән шырқады.

Ал шараның екінші күнінде жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мини-футбол ойыны өтті. Сайыс нәтижесінде жастардан құралған командалар легі өте тартысты ойын көрсетіп, жеңіске жеткен топ қаржылай сыйақыға ие болды.
I орын — «13 регион» командасы 200000 теңге сыйақы;
ІІ орын — «Тұран жастары» командасы 150000 теңге сыйақы;
ІІІ орын — «Жетісай» командасы 50000 теңге сыйақы;
ІV орын — «Бауырлар» командасы 50000 теңге сыйақы.
Ал «Үздік ойыншы» номинациясымен Сейсенбаев Сәулет, «Үздік Қорғаушы» номинациясымен Сапатай Мардан марапатталса, «Жартылай қорғаушы» Бектаев Ернар, «Үздік Шабуылшы» Мұхтарұлы Әсет атанды. Сондай-аұ «Үздік Қақпашы» номинациясымен Қайрат Ақтөре және «Үздік Капитан» номинациясына Әбдез Рахман ие болды. Ал «Үздік гол» соғушы Ибрагимов Ибраим атанды.
Форум соңында қатысушылардың облыс жастарына арналған Резолюцияны қабылдап, жастарды «Turan zhastary” платформасына белсенді қатысуға, облысымыздағы жастардың әлеуметтік, кәсіптік, білім-дағдылық дамуына өз үлесін қосуға шақырды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

16.10.2026

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

16.10.2026
ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

16.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған