• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 14 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

23.11.2022
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазығұрт және Ордабасы аудандарында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында оның механизмі мен алгоритмін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Оқи отырыңыз...

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

10.02.2026
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

05.02.2026
«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

05.02.2026

Ел бірлігін бекемдеген жиын алдымен Қазығұрт ауданында ұйымдастырылды. Семинарға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев, ҚР ҰҚК Түркістан облыстық департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Маметбакиев, Түркістан облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов қатысты. Сондай-ақ жиында ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің, құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы биліктің идеология бойынша жауапты қызметкерлері, белгілі ғалымдар, сарапшылар болды.

Семинарға модераторлық еткен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев басқосудың маңыздылығына тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел бірлігін нығайта түсу қажеттігіне айрықша мән берді. Бұл бағытта құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарға артылатын сенім жүгі ауыр. Біз бірлесе атқарған жұмыстар арқылы қоғамның татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз. Әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарды еңсеру, олардың алдын алу мен болдырмау жөніндегі жұмыс біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Ол сіз бен бізге ортақ міндет деп білемін. Сол үшін де күш салып, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын, — деді Аңсар Жаңабайұлы.

Семинарда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің теология факультетінің деканы ф.ғ.д, профессор Досай Кенжетай, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жанғали Урунбаев, ОҚМПУ-дың «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімі басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев баяндама жасады. Баяндамалар оқылып болған соң, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.

Маңызды семинар Қазығұрттан соң Ордабасы ауданында жалғасты. Онда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды.

Семинарды қорытындылаған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Өсербаев өңірдегі этносаралық шиеленістің алдын алуға негізделген іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатындығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

13.02.2026
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

13.02.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

13.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған