• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Сайлау-2022

15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары Қазақстанға келеді

16.11.2022
in Сайлау-2022
15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары Қазақстанға келеді

Қазақстанда 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары келеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді.
«Сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясының 25 отырысы өтті, олар аумақтық сайлау комиссияларының, уәкілетті мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен онлайн өткізіліп келеді. Тікелей интернет-трансляциялар жүргізіледі. Барлық отырыстарға халықаралық байқаушылар шақырылады. Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасир Абузейд аккредиттеуге бірінші болып құжат тапсырды. Сонымен қатар, Мажарстан, Германия, Индонезия, Канада, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Швеция, Эстония сияқты елдердің елшілері, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Ирак, Иран, Қытай, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей Федерациясы және Таиланд елшіліктерінің қызметкерлері аккредиттелген», — деді Н. Әбідров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте.
Оның айтуынша, екіжақты ынтымақтастық желісі бойынша алдағы сайлауды бақылау үшін 15 елдің Орталық сайлау комиссияларының өкілдері, оның ішінде Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Орталық сайлау комиссияларының төрағалары келеді.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді.
Президенттік сайлауға 10 101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді.

Оқи отырыңыз...

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

В ШЫМКЕНТЕ ГОЛОСУЮТ ОБЩЕСТВЕННЫЕ ДЕЯТЕЛИ

19.03.2023
САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

19.03.2023
ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ КЕЛГЕН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

100-ЛЕТНЯЯ ЖИТЕЛЬНИЦА ШЫМКЕНТА СДЕЛАЛА СВОЙ ВЫБОР

19.03.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған