Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Әбілхан Қастеев атындағы көркем-сурет колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. Республикалық қоғамдық штаб мүшесі И.Хашимжанов, Қалалық қоғамдық штаб мүшелері Б.Әлтеев, Н.Бұхарбай, Г.Сарсенбаева, Д.Баширов, Р.Ашетаев сайлауалды бағдарламаның мазмұнын түсіндіріп, педагогтардың пікірлерін тыңдады.
Сайлауалды бағдарламада білім саласына ерекше назар аударылып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет азаматтардың білімі, денсаулығы мен әл-ауқаты үшін тікелей жауапты екенін атап өтті. Ол 6,5 млн қазақстандық бала білім мен цифрлық технологияларға тең қол жеткізе алатынын айтты.
Студенттердің стипендиясын екі есе өсіріп, жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешуді көздеп отыр. Соңғы жылдары Қазақстанда білім беру сапасын арттырып, кадрларды даярлау деңгейін, педагогтардың мәртебесін көтеру бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын және оны жалғастыру қажет екенін бәріңіз білесіздер. Сондықтан мен сіздерді сайлауға белсенді қатысуға және Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын,- деп атап өтті штаб мүшесі Бауыржан Әлтеев.
Кездесу соңында штаб мүшелері педагогтарды алдағы сайлаудың маңыздылығын студент жастарға жеткізуге және оларды белсенді қатысуға шақырды.
#toqaev2022