• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП ЖАТЫР

08.11.2022
in Басты ақпарат
КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әр тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп тұрады. Одан бөлек қала әкімі бірнеше рет қаладағы барлық шағын аудандар мен елді мекендерді аралап, өзекті мәселелермен танысты. Әр айдың алғашқы сәрсенбісінде қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылып келеді.
Осындай кездесулер, елдімекендерді аралау мен қабылдаулар кезінде Шымкент қаласы Абай ауданы Алтынөбе тұрғын алабының тұрғындары өздері үшін маңызды бірқатар мәселелерді қозғаған болатын.

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025

Біріншіден, алтынтөбеліктер ескірген электр желілерін ауыстыру мәселесін көтерді. Қала әкімі тиісті басқармаларға осы жұмысты «ОңтүстікЖарықТранзит» акционерлік қоғамымен бірлесіп жүргізу жөнінде тапсырма берді. Осыған орай Алтынтөбедегі жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын 11 көшенің электр бағаналары мен электр желілерін және 3 трансформаторды жаңарту бойынша жұмыстар қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстың 90 пайызы атқарылған. Жыл соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Мұнан бөлек Алтынтөбе ауыл округіне өткен жылдың соңында табиғи газ құбырлары тартылып, көгілдір отын жеткізілген. Алайда, наурыз айындағы кездесу барысында тұрғындар қала әкіміне газ құбыры жеткізілгенімен, оған тұрғын үйлерді қосу жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтып шағымданған болатын. Осыған орай қала әкімі бұл жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берді. Наурыз айына дейін 55 тұрғын үй газға қосылған болса, одан беріде тағы да 134 тұрғын үйге газ кіргізілген. Қалған 24 үй газға қосылу үшін техникалық шарт алуда.

Сонымен қатар тұрғындар Алтынтөбені газдандыру барысында бірқатар тұрғын үйлердің жобаға енбей қалғанын айтты. Мұрат Дүйсенбекұлы аталған үйлерді табиғи газға қосу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жөнінде тапсырма берген. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірлейтін жобалаушы компанияны анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Жыл соңына дейін жобалық-сметалық құжаттар жасалып, 2023 жылы жобаға енбей қалған тұрғын үйлерді газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

«Шымкент келбеті».

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған