Бүгін ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында болып, штаб жұмысымен танысты.
📌Бүгінгі таңда штаб жұмысына 96 азамат тартылған. Оның құрамында бас партиямен қатар «Ақ жол», Қазақстан халықтық партиясы, Азаматтық альянс мүшелері, қоғам белсенділері бар.
Штаб мүшелері бүгінгі күнге дейін 231 іс-шара өткізіп, 55 мыңға жуық сайлаушыларды қамтыған. Негізгі іс-шараларды елді мекендерде, өндіріс орындарында, азаматтар көп шоғырланатын демалыс орындарында өткізілуде. Бұл ретте әр түрлі страталар: ақсақалдар, жастар, жұмысшылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көп балалы аналар, білім, денсаулық салаларының қызметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер жоспарды түрде өткізілуде.
✅Кездесулер барысында әлі де 350 мыңға жуық азаматты қамту жоспарланған, сондай-ақ, әрбір қала тұрғынына өзгерістердің маңызы мен мақсатын жеткізу көзделуде.
📍Сонымен қатар, филиалда штабта азаматтарды қабылдайтын қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Қала бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындардың ұсынысы және тілектері жинақталып, арнаулы жәшіктерге салуда.
#Toqaev2022