• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 7 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«ӘЙЕЛДІҢ ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ» ФОРУМЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

31.10.2022
in Басты ақпарат
«ӘЙЕЛДІҢ ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ» ФОРУМЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Мұның астарында әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын аңғартатын мағына жатыр. Өйткені қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі бар екені ақиқат. Бүгін «Жастар ресурстық орталығында» әйелдер форумы өтті. «Әйелдің ел дамуындағы рөлі» тақырыбында бас қосқан нәзікжандылар қазіргі замандағы әйел адамның рөлін, жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу бойынша пікір алмасып, нақты ұсыныстарды талқылады. Сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтік-демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлін талқылау, экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшу, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, әйелдер арасында қаржылық сауаттылық проблемаларын шешу және өзін-өзі бағалауды, жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуды арттыруға арналды.
Жиында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ж.Сүлейменова, «АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы А.Архабаева, қоғам қайраткері, саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Б.Жандосова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласындағы басқармасының бас маманы С.Аталықова, «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК гинекология меңгерушісі Г.Қожагелдина сөз сөйлеп, баяндама жасады.
-«АMANAT» партиясы қоғамдағы, биліктегі, бизнестегі әйелдердің рөліне ерекше көңіл бөлетінін, қолдау білдіретінін мақтанышпен айта аламын. Жалпы, өзім жетекшілік ететін партияның Шымкент қалалық филиалы жанында 11 қоғамдық кеңес құрылып, түрлі салалар бойынша жұмыстар атқарылуда. Осы кеңестің құрамында әйелдердің үлесі орасан. Жалпы, жетекші партияның сайлауалды тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30%-пайыздық квота енгізу қажеттігі заңдық тұрғыдан қарастырылған, — деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.

Оқи отырыңыз...

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

06.02.2026
«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

06.02.2026
САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 44 МЛРД-ҚА ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 20-ДАН АСТАМ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ АСАДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 44 МЛРД-ҚА ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 20-ДАН АСТАМ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ АСАДЫ

06.02.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК

06.02.2026
Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды

Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды

06.02.2026
«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

06.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған