Республика күні қарсаңында Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы тұрғындарында қос қуаныш. Түркістан көшесі №2/3 үйінің ауласы мен Қарасу шағын ауданы №23 көпқабатты үйінің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Мұнда су жаңа балалар ойын элементтері, бастырма, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылған.
Сонымен қатар Түркістан көшесі 2/3 үйінің ауласындағы спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтті.
Аудан бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар алаңшасы және 9 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Бұдан бөлек 9 спорт алаңшасы ағымдағы жөндеуден өткізілуде.
Маусым-тамыз айларында 28 аула абаттандырылып, 22-сі пайдалануға берілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі