• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН: АКАДЕМИК МҰҚАН ЕГІЗБАЕВТЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТІП ЖАТЫР

21.10.2022
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН: АКАДЕМИК МҰҚАН ЕГІЗБАЕВТЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен облысқа белгілі медицина ғылымдарының докторы, профессор Мұқан Егізбаевтың 60 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілуде.

Оқи отырыңыз...

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

24.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

23.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

22.04.2025

Қоғамдағы медицина қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастырып, дәрігерлердің беделін көтеруге ықпал ететін өңірдегі үздік дәрігерлерді анықтау мақсатында өткен академик М.К.Егізбаев атындағы сыйлық үшін конкурсқа 26 қыркүйектен 16 қазанға дейін өтінімдер қабылданған болатын.
Конкурс қорытындысы облыстық клиникалық ауруханасында жарияланды. Жиынға Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

– Бүгін біз ұстазымыз және тәлімгеріміз – Мұқан Кеңесбекұлын құрметтеу үшін жиналдық. Ол дарынды дәрігер, тамаша басшы және жүрегі кең адам ретінде жадымызды қалды. 23 қазанда Мұқан Кеңесбекұлы 60 жасқа толар еді. Ол медицинадағы өмірін құптап, отандық денсаулық сақтаудың дамуына баға жетпес үлес қосты. Бірақ ол өзінің барлық жоспарларын жүзеге асыра алмады. Біз, оның шәкірттері, оның бастамаларын жалғастырудамыз. Бүгінгі таңда біздің мамандардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, заманауи білім алу үшін мастер-класс ұйымдастырылған. Осы екі күнде 20-дан астам ота, зертханалық диагностика бойынша дөңгелек үстел, дерматохирургия бойынша практикалық семинар өткізіледі. Жақын және алыс шетелдерден келген әріптестерімізге, сондай-ақ еліміздің жетекші клиникаларына өз білімдерімен бөлісуге және тәжірибе алмасуға келіскендері үшін зор алғысымды білдіргім келеді, – деді М.Пашимов.

Шараға марқұм дәрігердің көзін көрген достары мен туыстары, медицина қызметкерлері де қатысты.
Сонымен қатар Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас мамандарының қатысуымен облыстың барлық орталық, қалалық және аудандық емханаларында ашық есік күндері өтуде. Облыстық клиникалық ауруханасы мен облыстық балалар ауруханасының, облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мен облыстық офтальмологиялық ауруханасының кеңестік-диагностикалық емханаларында шеберлік дәрістері мен түрлі іс-шаралар да өткізілуде. Онымен қоса, халықаралық мультидициплинарлық шеберлік дәрісі облыстық клиникалық ауруханасы мен облыстық балалар ауруханасында өтуде. Мастер-класстарды өткізу үшін АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Германия елдерінің жетекші мамандары, сондай-ақ Астана және Алматы ғылыми орталықтары мен университеттерінің мамандары келді.

Айта кетсек, Мұқан Кеңесбекұлы Шымкент қаласының, Түркістан облысының медицина саласының дамуына өзіндік үлес қосқан білікті басшы, клиникалық және функционалдық медицина академиясының академигі еді. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыстық мәслихат депутаты қызметтерін абыроймен атқарған. Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының Құрметті азаматы болды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

13.05.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

13.05.2025
ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған