• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Мың томды құраған қаржы пирамидасының ісі бойынша 25 адам сотталды

07.10.2022
in Құқық-заң
Мың томды құраған қаржы пирамидасының ісі бойынша 25 адам сотталды

Бүгін қаржы пирамидасы бойынша Түркістан облысы полицейлерінің тергеуінде болған екі мыңнан астам жәбірленушінің ісіне нүкте қойылды. Нақтырақ айтсақ, полицияға 2020 жылдан бастап “Evolution Corporation” мен “Индиго 24” ЖШС қаржы пирамидасының құрбаны болған азаматтардан арыздар түскен. Олар республиканың 6 облыс пен қалаларының тұрғындары. Сол сәтте жасалған қылмыстың ауқымы ескеріліп, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен қылмыстық іс Түркістан облысы Полиция департаментінің базасында жүргізіліп, тәжірибелі тергеушілер тобы құрылған болатын. Топты Түркістан облысының тәжірибелі тергеушілерінің бірі Алтынай Жолымбекова басқарды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір жылдан астам уақыт бойы жалғасты.
Жедел қолға алынған жұмыстар нәтижесінде қаржы пирамидасын құруға және оны басқаруға қатысы бар деген күдікпен полиция қызметкерлері 25 адамды анықтап, ұстады. Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді.
Осы уақыт ішінде полицейлер мен прокурорлар күдіктілердің кінәсінің дәлелдерін жинау бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Сараптаманың 15 түрі тағайындалды. Тергеушілер қылмыстық топтың бірнеше жылдар бойы салымшыларға ақшалары еселеп қайтатыны бойынша уәде етіп, тұрғындардан алаяқтық жолмен 3 миллиард теңгеден асатын қаражатты иемденгенін анықтады. Қылмыстық топтың ұйымдасқан сипатта болғаны, жоспарланған түрде әрекет еткені және әр қатысушының рөлдері нақты бөлінгені дәлелденді. Нәтижесінде тәжірибелі тергеушілер мен прокурорлардың келісімімен айыптау актісімен 1000 томдық қылмыстық істі сотқа жолданды.
Бүгін осы қылмыстық іс бойынша соттың үкімі шықты. Атап айтсақ, қаржы пирамидасының ұйымдастырушы, құрылтайшылары болып саналатын 3 адам 12 жылға, ал олардың орынбасарлары болған 5 күдікті 10 жылға, қалған 17 күдікті 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сотталушылардың ең үлкені 55 жастағы әйел болса, ең жасы – 31 жаста.

Оқи отырыңыз...

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

12.03.2026
Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды іс-шара өтті

Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды іс-шара өтті

07.03.2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет

05.03.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ НЫҒАЙТЫП, БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ НЫҒАЙТЫП, БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗ

13.03.2026
ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

13.03.2026
Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын   

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын  

13.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған