• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 29 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛ-АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕТІНІН АЙТТЫ

07.10.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛ-АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕТІНІН АЙТТЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш пен Келес аудандарына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Алдымен сарыағаштықтармен кездескен өңір басшысы Сарыағаш ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін және бұл жұмыстардың әрі қарай жаңа қарқынмен жалғасатынын жеткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
– Әкімнің міндеті – халықпен кездесу, елдің жайын білу. Өзінің құзыреті аясында мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Барлық жұмыстар маңыздылығына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асады. Сондықтан құрғақ уәде бере алмаймын. Көтерілген мәселелер орынды. Ауданды дамыту жұмыстары жалғасады, – деді Дархан Сатыбалды.
Одан кейін өңір басшысы Келес ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде және жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан үй салуға жер беру, кітапхана салу, жұмыссыздық, спорт кешенін салу және өзге де мәселелер көтерілді. Өңір басшысы ұсыныстар орынды екенін, олар назарға алынатынын атап өтті.
– Ауыл шаруашылығы саласын Келес ауданының брендіне айналдыруға болады. Өйткені мұнда егін, мал шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Осында өстік, бала кезде таңғы 7-ден бастап малға су беріп, қораны тазалап, бақшамызда түрлі дақылдар егіп өстік. Бір жылда 2-3 өнім алынатын. Осы үрдіс жалғасуы тиіс. Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты жобаларды толық қолдаймын. Мал шаруашылығымен айналысатын 25 шаруа қожалығы мен кәсіпорындардың тізімі бекітіліп, Өзбекстанға ет экспорттауға рұқсат алынды. Келестік шаруаларды да осы тізімге қосып, ет экспортын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Спорт кешенін, Оқушылар сарайын, кітапхана салу мәселесін де қарастырамыз. Бұл аймақтың мәселелерін жақсы білемін. Жалпы өңір тұрғындарының 80 пайызға жуығы ауыл-аймақтарда тұрады. Сондықтан енді аудандарға, ауылдарға қолдау күшейтіледі, – деген Дархан Сатыбалды Келес өзеніндегі заңсыз карьер қазушылардың жұмысын тоқтату, синтетикалық дәріге қарсы күресті күшейту жөнінде жауаптыларға тапсырма берді. Сарыағаш пен Келес ауданындағы қордаланған мәселелер бойынша арнайы жиналыс өткізіп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Іссапар барысында Д.Сатыбалды екі аудандағы бірнеше кәсіпорын мен шаруа қожалығын аралап көрді. Шаруалар мен кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдап, кәсіпкерлікке қолдау күшейтілетінін айтты.

Оқи отырыңыз...

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы туралы

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы туралы

28.09.2025
Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

28.09.2025
Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

26.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы туралы

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы туралы

28.09.2025
Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

28.09.2025
ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

АЭРОПОРТ ШЫМКЕНТА ПОЛУЧИЛ RA3-СЕРТИФИКАТ

27.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған