• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 14 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН «ДОС-МҰҚАСАН» ТОБЫ ТУРАЛЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМ КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

06.10.2022
in Басты ақпарат
АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН «ДОС-МҰҚАСАН» ТОБЫ ТУРАЛЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМ КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Биыл қазақ музыка өнерінде шоқтығы биік «Дос-Мұқасан» тобы 55 жылдығын атап өтуде. Осыған орай Шымкент қаласындағы «Наурыз парк» сауда орталығының кинозалында «Дос-Мұқасан» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Премьераға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, зиялы қауым өкілдері, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз...

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

13.08.2026
Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны  қосымша аккредиттеді

Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны қосымша аккредиттеді

13.08.2026
МАҚТААРАЛДА ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

МАҚТААРАЛДА ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

13.08.2026

–«Дос-Мұқасан» фильмін түсіруге «Богемская рапсодия» фильмі түрткі болды. Осындай туындыны Қазақстанда түсіру үлкен арманым еді. Ұжыммен бірігіп, осы жобаны қолға алдық. Түсірілім барысында «Дос-Мұқасан» тобындағы Досым Сүлеев және Мұрат Құсайынов ағаларымыз кеңесін беріп, қасымызда жүрді. Кино қазақтың рухын көтеріп, сол заманның атмосферасын сезіндіре алдық деп ойлаймын, — деді фильмнің бас продюсері Айгүл Байбек.

Аты аңызға айналған топ жайлы «Дос-Мұқасан» атты көркем фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысымен 2020 жылдың қысында басталған. Фильмнің шығуына 60-тан астам маман және 50 актер қатысқан. Айдын Сахаманның режиссерлігімен таспаланып шыққан жанр ұлттық өнерге сәйкестендіріп түсіріліпті. Онда талантты жастардың өнері мен өмірі, бауырмалдығы мен алғашқы махаббат оқиғасы бейнеленген. Сонымен қатар 60 жылдардағы киім мен шаш үлгісіне дейін ерекше мән беріп, ұқсастыра білген.

– «Дос-Мұқасан тек қана ансамбль емес, қазақ музыка өнерінің кеңес кезіндегі қазақ жастарының тарихы. Тек музыканттардың бірлестігі емес, халқымыздың сол кездегі ар-намысы деп баға берсе болады. Шынайы өмірді бейнелеген кино көрерменнің жүрегіне жол табады деп ойлаймын. Шымкенттіктердің атынан ұжымға алғыс айтқым келеді,- деді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан фильмнің тұсаукесерінен соң.

Көрсетілім соңында көрермендер ду қол шапалақпен, фильмнің көңілдерінен шыққанын жеткізді. Айта кетейік, түсірілім 3 жыл уақытқа созылған. Қазақстанның түрлі қаласында түсірілген бұл жобаға еліміздің белді театр әртістері іріктеліп алынған. «Дос-Мұқасан» фильмінің жабық көрсетілімі бұдан бұрын Астана, Алматы қаласында өткен болатын

«Шымкент келбеті»
Фото Серік ҚОСАЕВ

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ДАУЫС БЕРУГЕ ЕКІ АПТА ҚАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР

ДАУЫС БЕРУГЕ ЕКІ АПТА ҚАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР

13.08.2026
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

13.08.2026
Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны  қосымша аккредиттеді

Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны қосымша аккредиттеді

13.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған