• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 23 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОН БӘЙГЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР СОЗАҚ ТӨРІНЕН ТҮРКІСТАНҒА БАҒЫТ АЛДЫ

29.09.2022
in Басты ақпарат
«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОН БӘЙГЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР СОЗАҚ ТӨРІНЕН ТҮРКІСТАНҒА БАҒЫТ АЛДЫ

«Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгенің он бірінші кезеңінде шабандоздар Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылдық округінің Абай елді мекеніне аялдады. Жүздеген шақырымды артқа тастаған шабандоздарды Созақ жұртшылығы үшінші рет қабылдап, үлкен құрметпен қарсы алды. Бұл ретте Созақ ауданы әкімдігі мен тұрғындарының ұлттық спортқа деген ерекше ықыласын айта кеткен жөн. Дүбірлі дода қатысушыларын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков пен спорт жанашырлары күтіп алып, атбегілер мен шабандоздардың мерейін асқақтатты.
Он бірінші кезеңде Маңғыстау, Жетісу облысының тұлпарлары мәреге ерте келді. Түркістан облысының командасы да үздіктер қатарынан табылды. Елордадан 1100 шақырымды артқа тастаған шабандоздарға сырлы Созақ өңіріндегі ат спортының жанкүйерлері қолдау көрсетіп, әрбір шабандозға алғыстарын білдірді. Өйткені мұндай аламан бұрын болмаған.
«Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесін ұйымдастырушыларының бірі Арман Абдоллаевтың айтуынша, бұл бәйгеде қазақ жылқыларының мәртебесі асқақтай түскен.
– «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесі де мәресіне таяп келеді. Бастапқыда 19 өңірден командалар жарыс жолына шыққан болатын. Қазіргі таңда 4 команда қалып отыр. Биыл тұңғыш рет өтіп отырған бұл бәйгенің баламасы әлемде жоқ деуге болады. Жарысты ұйымдастырар барысында біз жан-жақты зерттеп көрдік. 1200 шақырымды әрі бірнеше өңірді қамтитын көшпелі бәйге әлемде жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, осы бәйгені қадағалап, зерттеп жүрген мамандар қазақ тұлпарларының шыдамдылығына таңғалып отыр. Біздің мақсат та – ұлттық спортты ұлықтау, қазақты ат спортына қызықтыру әрі ұлы даламыздың тұлпарларын дәріптеу. Бірнеше облысты басып өтіп, үлкен қиындықтарды жеңе білген әрбір шабандоз құрметке лайық. Түркістан облысы тұрғындарына алғысымыз мол. Созақ даласында қошеметпен қарсы алып, шабандоздарға жігер берді. Осы марафонда ең көп жанкүйер Түркістан облысында жиналды. Бұл – өңірде ұлттық спорт жанашырларының көптігінің белгісі, – дейді. А.Абдоллаев.
Бүгін таң қылаң бере жолға шыққан шабандоздар Ащысайдан өтіп, Түркістан қаласына келеді. Жеңімпаздар Түркістан төрінде анықталады.

Оқи отырыңыз...

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясына, Ресей Федерациясы және Түрік Республикасының жоғарғы әскери оқу орындарына үміткерлерді әскери оқуға шақырады

23.09.2026
«Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект – заман талабы»: студенттерге жаңа технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылды

«Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект – заман талабы»: студенттерге жаңа технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылды

22.09.2026
Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерделі ұлт қалыптастыру бастамасына үн қосты

Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерделі ұлт қалыптастыру бастамасына үн қосты

22.09.2026

«Ұлы дала жорығы» – еліміздің 6 аймағын (Астана, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда. Түркістан облыстары) басып өтетін тұңғыш жалпыреспубликалық ат марафоны.
Марафон-бәйгені ұйымдастырушылар – «The Great Steppe Tour» қоғамдық қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт қауымдастығы. «Amanat» партиясы да қолдау көрсетуде. Бас серіктес – «Самұрық Қазына» АҚ. Серіктес – «Sportqory» спортты қолдау қоры.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

23.09.2026
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

23.09.2026
«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

23.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған