• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

26.09.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Еліміздегі бірегей жоба — «Ұлы Дала Жорығы» атты республикалық марафон-бәйгесінің бүгін 9-шы күні. Бұл күні шабандоздар Созақ ауданының шекарасына келіп жетті. Мұнда олар 300 шақырымды шауып өтіп, Түркістан қаласына бет түзейді.

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025

Марафонға қатысушылар бүгін Қыземшек кенті, Тайқоңыр елді мекенінің маңына ат басын тіреді. Дүбірлі доданың 9-шы күні Түркістан облысының шабандоздары алғаш болып мәре сызығын қиды. Екінші орынды Маңғыстау облысы командасы келді. Үшінші орынды Ақтөбе облысы командасы жетті. Төртінші болып мәреге Қызылорда облысы командасы келді. Қазіргі таңда бас-аяғы 7 команда жарыс жолында.

Марафон-бәйгеге қатысқан командаларды созақтықтар бар сән- салтанатымен күтіп алды. Қазақы дәстүрмен алдарына ас тартып, концерттік бағдарлама ұсынды.

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау лебізін білдіріп, шабандоздарға сәттілік тіледі.

— Құс ұшса қанаты, тұлпар шапса тұяғы талатын осынау 1200 шақырымдық ұзақ жолды жүріп өту жігіттің сұлтаны мен тұлпардың тұлпарына берілетін бақ. Марафон бәйгеде Түркістан облысының намысын созақтық шабандоздар қорғап жүргенін мақтанышпен айтамыз. Барлығы да жастайынан ат баптап, бәйге мен көкпарға шауып жүрген ауылдың атбегі азаматтары. Олардың жолына үмітпен қараймыз. Туған жердің топырағына тұлпардың тұяғы тиген соң нәтижелері де артады деп ойлаймын. Жүлделі орындардан көрінуге мүмкіндігі бар, — деді аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков.

Аталған жобаның авторы Бақытжан Тұрлыбеков отаншылдық, салауатты өмір және ұлттық құндылықтар төңірегінде мазмұнды ой қозғады.

— Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясын оқығанда Кенесарының 4000 адаммен Созаққа алты күнде жеткені естеріңде болар. 2019 жылы Торғайдан Созаққа дейін 3 азамат 4 атпен 962 шақырымды 11 күнде жүріп өттік. Сонда қазақы қарабайыр аттардың мықтылығына таң қалдық. Осы марафон-бәйге өткізу идеясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Даурен Абаев мырзаға айтып, қолдау тапты, — деді ол.

Марафон бәйгеге қатысушылар Созақ ауданының аумағына үш күн қонады. Қыземшек кенті, Тайқоңыр елді мекені тұсында ат аяғын суытады. Одан соң Қаратау ауыл округінің Сарыжаз елді мекенінде ат басын тірейді. Одан ары қарай Шолаққорған ауыл округі, Абай елді мекеніне жол жүреді.

Шабандоздар 29 қыркүйек күні таңертең Түркістан қаласына бет алады. Марафон-бәйгенің нәтижесі осы қалада белгілі болады. Бүгінгі 9 күндік марафон бәйгенің нәтижесі төрешілердің есептеуімен кешкі сағат 22:00-ден соң белгілі болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған