• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 1 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ШӘУІЛДІРДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП КЕЛЕДІ

14.09.2022
in Аймақ
ШӘУІЛДІРДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов кезекті халықпен кездесу жиыны Шәуілдір ауылында өтті. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде өткен кездесуде аудан әкімі 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауындағы міндеттерге тоқталды. Ол өз сөзінде биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын атап өтті.
Мұнан соң аудан орталығы Шәуілдір ауыл округінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды.
Айта кету керек, ағымдағы жылды аудандық бюджет есебінен Шәуілдір ауылындағы С.Сейфуллин көшесіне асфальт жол төселсе, ауыл округінің 4-ші бюджеті есебінен М.Байтас көшесіне (140 метр) тасжол төселді. Сондай-ақ, 2022 жылы аудандық бюджет есебінен Шәуілдір ауылы М.Әуезов көшесіне көп функционалды спорттық ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілсе, Ж.Жанұзақов көшесінің бойынан балаларға арналған кіші футбол мен волейбол алаңы салынды. Сонымен қатар ауыл округінің 4-ші бюджеті есебінен Т.Әубәкіров (720 метр), Т.Сәрсенбаев және Дербісов көшелері (620 метр) жарықтандырылып, 900 мың теңгеге көп қабатты үйлер аумағына 18 дана қоқыс жәшіктері (контейнер) орнатылды. Мұнан бөлек Жібек Жолы даңғылы бойындағы арка ағымдағы жөндеуден өткізіліп, Н.Оңдасынов көшесі бойына егілген тал көшеттері қоршалды. Шәуілдір ауылында атқарылатын жүйелі жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Атап айтқанда, 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында бюджет есебінен Шәуілдір ауылындағы Әбдірайымов, Жақсылықова, Тұяқбаев, Сарыжайлау, Мұңайтпасов көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады. Жиында айтылған ұсыныс-пікірлер басты назарға алынып, орындалуы заң аясында оң шешімін табатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз...

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

19.09.2025
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

19.09.2025
ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

19.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

01.11.2025
В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»

В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»

01.11.2025
Закон и порядок: в Шымкенте полиция представила детям мультфильм о законе

Заң мен тәртіп: Шымкентте полиция балаларға арналған заң туралы мультфильм ұсынды

31.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған