• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 31 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ

13.09.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласында Араб Әмірліктерінің Бас консулдығы ашылады. Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе жүргізілмек. Бұл туралы Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров баспасөз мәслихатында айтып өтті. Ерлан Ермекұлының сөзінше, Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік әлеуетін таныстыру мақсатында сыртқы байланыстарды дамытудың маңызы зор. Осы ретте, шетелдік дипломатия өкілдерімен және компаниялармен де біршама нәтижелі кездесулер өткен. Қазіргі таңда Шымкент 10 қаламен бауырлас қатынас орнатса, жыл соңына дейін қосымша 7 қаламен ынтымақтастық құруды жоспарлауда. Оның ішінде: Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзірбайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары бар.

Оқи отырыңыз...

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері   

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері  

30.07.2025
ТҮРКІСТАННАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА КЕРУЕН АТТАНДЫ

ТҮРКІСТАННАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА КЕРУЕН АТТАНДЫ

30.07.2025
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Прошло очередное заседание Совета по защите прав предпринимателей

29.07.2025

“Бірінші жартыжылдықта «Наурыз» және «Қала күні» сияқты мерекелер аясында «ДәмДәсTour», «Балмұздақ фест» гастрономиялық фестивальдерінен тұратын оқиғалар қатарын қалыптастыруға баса назар аударсақ, ал күзде талантты жастар мен туристік бизнесті қолдау үшін имидждік іс-шаралар құруда үлкен жоспарларымыз бар. Осы кезеңде «Shymkent Mobilography Fest» фестивалін, «Shymkent Tourism Awards» конкурсын, цитадельде лазерлік шоу, қолөнершілерді қолдау аясында «Этно Шымкент» фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз”, — деді Ерлан Ермекұлы.

Бүгінде Шымкент қаласына келуші туристер саны 6 айлық көрсеткіш бойынша 216 249 адамды құраған. Ал «экспресс-статистикалық» ақпаратқа сәйкес 9 айда шаһарға 300 000-ға жуық турист келетіні күтіліп отыр. Жалпы туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы республикада Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінгі үшінші орында. Шет мемлекеттерден келетін туристердің басым бөлігін Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Қытай азаматтары құрайды. Туристер санының артуына Шымкент қаласынан тікелей бағыттағы әуе рейстердің көбеюі тікелей әсер етеді. Оның ішінде ішкі рейстер Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей және Қостанай қалалары және Халықаралық бағытта Стамбул, Мәскеу, Анталия және Кутаиси қалаларына жүруде.

Сондай-ақ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесе Қазақстан бойынша әзірленген «NeoNomad 2022» гранд-турына Шымкент қаласынан «Shym qala» тарихи-мәдени кешені енгізілген. Аталған жобаның басты мақсаты — Қазақстан Республикасы ішінде туристер келуге ұсынылатын орындардың тізімін қалыптастыру. Туристер өз кезегінде аталған фотоспоттарда суретке түсіп (20 нысанда) «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ға жолдаса, «Қазіргі Заманғы көшпенді – NeoNomad 2022» атағын алады. Сонымен қоса, компания ұсынған заманауи бейнедегі «Kazakhstan» брендтік сағатына ие болады.

Айта кетерлігі, басқарма тарапынан да Цитадельде орналасқан фотозона бойынша да конкурс басталған. Дәл сол рамкада фотоға түсіп, #VisitShymkentNeo хэштегі мен @visitshymkent, @shymkent_tourism парақшаларын белгілеп және жазылған адам арнайы бағдарлама арқылы таңдалып, сыйлыққа ие болады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТЗАЛ ЖӘНЕ ШАХМАТТАН АУДАН БІРІНШІЛІКТЕРІ БАСТАЛДЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТЗАЛ ЖӘНЕ ШАХМАТТАН АУДАН БІРІНШІЛІКТЕРІ БАСТАЛДЫ

30.07.2025
САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

30.07.2025
САУРАН АУДАНЫНДА «VAPE OUT — ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ЖОЛ АШ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «VAPE OUT — ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ЖОЛ АШ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

30.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған