• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 21 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТЕРРОРИЗМ – ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ

16.08.2022
in Қоғам, Руханият
ТЕРРОРИЗМ – ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ

«Террор» және «терроризм» терминдері «қорқыту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру» мағынаны білдіреді. Қалыптасқан анықтамаларға сәйкес террор – дүйім жұртты үрейлендіру, қоғам мен тұлғалардың психологиясына соққы беру және жасалған амал арқылы адамдардың зәресін ұшыру. Мамандарының пайымдауынша, «террор» термині орасан зор үрей салатын және жекелеген адамдарды қаймықтырып, тоздыратын іс-әрекетті, амалды білдіреді. Ал, «терроризм» дегеніміз саяси-идеологиялық мақсаттарға жету үшін іс жүзіндегі билікті, режимді заңнан тыс жолдармен құлату үшін ұйымдасқан, жүйелі және жалғасты террорлық іс-әрекеттерді қолдану болып табылады.

Оқи отырыңыз...

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

20.06.2025

Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Терроризм деген не? Терроризмнің иесі кім? Террордың мақсаты қандай?» деген сұрақтарға жауап бере келе, қазіргі кезде белең алып бара жатқан терроризмнің пайда болуына, таралуына, ғаламдық сипатына жан-жақты талдау жасайды. Сонымен бірге еңбекте Орта Азия аймағында терроризммен бірлесіп күрес жүргізу мен қауіпсіздікті сақтау жолдарын нақтылап айқындайды.

Қазіргі жаһандық жағдайда терроризм, экстремизм мәселелері күннен-күнге өзекті болып келеді. Осыған сәйкес, бұл мәселелерге деген көзқарастар мен сараптаулар, талдаулар мен аналитикалық болжамдар да әрқилы болып отыр. Терроризм мен экстремизмнің табиғаты, мақсаты мен қозғаушы күші, шығу себептері, ментальдық болмысы жайында қоғамда қызу пікір таластардың жүріп жатқаны белгілі.

Көпшілікті билеп-төстеу арқылы оларға белгілі бір идеология мен ұстанымды мойындату үшін зорлық-зомбылық көрсетіп, күш жұмсап, лаң салуды көздеген әрекетті қаржыландырушылар да, демеушілер де баршылық. Осының салдарынан терроризм әлемге тарады. Террористік қызметтің жаһандануының салдары онымен тұрақты айналысатын адамдардың айрықша топтарының қалыптасуына алып келуде. Сондай-ақ терроризмнің пайда болуы мен таралуында саяси және геосаяси факторлардың да өз орны бар.

Терроризмнің бір дін немесе бір ұлтпен шектелмейтіні ақиқат. Қазіргі кезде, ислам экстремизмі мен терроризмі деген ұғымдардың кеңінен тарап отырғаны баршаға мәлім. Дей тұрғанмен, исламның өз болмысында ешқандай агрессияшылдық жоқ. Алайда терроризмнің көрініс табуына діни-саяси радикализмнің түрткі болуы ықтимал. Оның үстіне терроризмнің таралуына террористік топ ұйымдарының көбеюі мен насихатталуы да әсерін тигізіп отыр.

Бүгінгі таңда халықаралық терроризм және діни экстремизм дінге залалын тигізуде. Дін атын жамылып, оған кір келтіруді көздеген, сыртқы күштердің қолшоқпарына айналған террористер көп жағдайда діннің қайнар көздеріндегі негізгі қағидаларынан хабары шамалы, діни сауаты жоққа тән адамдар болып келеді. Зорлық-зомбылықтың барлық түрі діндердің ортақ нанымына қайшы келеді. Дін негіздері бойынша Жаратушы адамдарға өзі белгілеген шеңберден шықпауды бұйырады және әлемде зұлымдық жасауға, әділетсіздікке, зорлыққа, өлтіруге, қан төгуге тыйым салады. Бұған байланысты Құранда «….Шектен шықпаңдар, расында Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді» деген.

Ислам дінінде «фундаментализм», «экстремизм», «терроризм» деген ұғым да, түсінік те жоқ. Бұлар ислам дінінің қағидаттарымен мүлде сәйкес келмейді. «Ислам» дегеннің өзі «бейбітшілік, тыныштық» дегенді білдіреді. Исламның басты мақсаты – әлемдегі адамзат арасында бейбітшіліктің болуына негізделген.

 

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

20.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған