• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 10 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Псевдосәлафизм зайырлы қоғамға аса қауіпті ағым

15.08.2022
in Қоғам, Руханият
Псевдосәлафизм зайырлы қоғамға аса қауіпті ағым

        «Әс-сәлафия» араб тілінде «алдынғы өткендер, бұрынғылар» яғни «бұрын өмір сүрген бабалар, ізгілер, аталар» деген мағына береді. Терминдік мағынасында «ізашарлар, жол салушылар, негізін қалаушылар» деген мағыналары бар.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

24.01.2025
Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

16.12.2024
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

06.10.2024

Ал, теологиялық қолданыстағы «әс-сәлафу салихин» — «ең қайырлы буын» ретінде Мұхаммед пайғамбардың сахабалары, олардың көзін көргендер «табиғин» және табиғиндерге ерген «әтбаға әт-табиғиндер» болып үш ғасырда өмір сүргендер есептеледі.

XIII  ғасырда Тақиуддин ибн Тәймия фиқһ ғылымында дәстүрлі жол қалыптастырған Ханафи, Малики, Шафиғи, Ханбали мәзһабтарды бидғатшылар деп сипаттап, псевдосәлафилік идеологияның негізін қалыптастырды. Осы идеология қазіргі псевдосәлафилік қозғалыстың философиялық танымына айналды.

Псевдосәлафилік ілім XVIII ғасырда Сауд Арабиясы әмірлігінің қалыптасу кезеңінде Мұхаммад ибн Абдулуаһаб әт-Тәмими (1703-1792 ж.) бастаған діни-саяси қозғалыстың идеологиясы ретінде қабылданды. Уаһаб ілімінің өкілдерінің көзқарастары аса қатерлі, әсіресе діни-саяси мәнге ие.  Исламға жатпайтын кез-келген заңдар мен құқықтық жүйелерге жүгінуді күпірлік деп, ондай заңдар арқылы үкім ететіндер «кәпір», «тағұт» деп санаған «уаһабилік» қозғалысы кейінірек «сәлафилік» деп аталды. Саясиландырылған түсініктегі «сәлафилік» ұғымы исламдағы алғашқы үш абзал буын саналатын «әс-сәлафу салихиндердің» ұстанымдарымен мүлде қабыспайтын жаңа көзқарастарға ие болды. Қазіргі таңдағы сәлафиттерді «псевдосәлафилер», (псевдо-жалған) немес «неосәлафиттер» (нео-жаңа) деп атауға толық негіз бар.

Сәлафилердің негізгі ұстанымдары төмендегідей:

— қатаң түрде бір құдайға сыйыну қағидасы (таухид);

— дәстүрлі төрт мәзһабты мойындамау;

— діни қағидаларды ақылмен түсіндіруді терістеп, Құран мен хадистерді тікелей мағынасында түсіну;

— әкімшілік бағыну мен діни бағынудың ара-жігін ажыратпай, кез келген зайырлы билікті «тағұт» деп қабылдау;

— ислам діндегі бидғаттан тазарту пайғамбар кезіндегі исламға қайту;

— діни көзқарасына байланысты кейбір азаматтық міндеттерден (әскери борышты өтеу, мектепке бару т.б.) бас тарту;

— зайырлы өмір салтына тән бірқатар үрдістерден (музыка тыңдау, суретке түсу, мерекелер мен туған күндерді атап өту, теледидар қарау т.б.) бас тарту;

— сәлафилік идеологиясын ұстанбайтын мұсылмандарды Алла үшін жек көру:

— салт-дәстүрлерді орындау — адасушылық деп санау.

Қазіргі сәлафилер Құран аяттары мен хадистерді мағынасына қарай талдап түсіндіруді емес, жазылған немесе айтылған қалпында тікелей қабылдайды. Сәлафилік ілімі қоғамдағы құбылыстар мен діни-философиялық мәселелерді терең талдамай бір жақты тұжырымда үкім береді. Олар үшін Құран мен Сүннеттен кейін Ибн Тәимйя, Ибн Жаузйя, Абдул Уаһабтың еңбектерін кодекс ретінде қабылдап, көзсіз сенеді.

Сондай-ақ, сәлафилер ислам дініне дейінгі Араб түбегінде орын алған надандық, яғни «жәһилдік» қазіргі қоғамда әлі жалғасын табуда және өздерінен өзге мұсылмандар «жәһил» (надан) заманында өмір сүруде деп санайды.

Ең сорақысы сәлафи ғалымдарының еңбектерінде буквалистік идеялар көптеген діни ұғымдардың шынайы мәнінің бұрмаланып түсіндірілуіне себеп болып, соның салдарынан қазіргі кезде діни радикализм мен экстремизмнің өршуі белең алып отыр. «Жиһад», «хижрат», «ширк», «тағұт», «бидғат»  сынды арабша терминдерді енгізіп, сол терминдік ұғымдардың мағынасын бұрмалау арқылы зайырлы мемлекетті «тағұт», «дарул-куфр», «дарул хижра» деп айыптауға, «жиһад» сылтауымен бір елден екінші елге қоныс аударуға үндеуге себеп болуда. Сонымен қатар адамдардың діни санасына сәлафилік идеологиясын сіңіріп, ұлтараздық пен дінараздық алауыздық туғызып, елдің тыныштығы мен келісіміне сызат түсіруде.

Осындай сәлафилік идеологиялардың бұлағынан сусындап келген өңіріміздің азаматтары да жастар арасында діни уағыздарымен белсенділік танытып үлгерді. Қазіргі таңда сәлафилік идеологиясын насихаттаған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сәлафизмді радикалды немесе байыпты деп қарастыруымыз қазіргі таңда қате пікір екені белгілі болып отыр. Қазақстандағы діни ахуалды қолға алып отбасы, қоғам болып жұмылып, жастарға діни-рухани, отансүйгіштік, дәстүрлі ұстанымдар мен сенімнің негізінде тәрбие беру арқылы оларда түрлі кереғар діни ағымдар мен экстремистік ықпалдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруға болады. Дәстүрлі діни-мәдени құндылықтар мен отан-сүйгіштікке негізделген қоғам ғана өміршең болып, жарқын болашаққа қол жеткізбек. Зұлымдықпен ондаған жылдар бойы күресіп келе жатқан басқа елдердің тәжірибесін зерттеп қарасақ, бірден байқайтынымыз —  бірлігін шайқалтып, түрлі себептермен іштей бөлініп, оқшауланып, жіктеліп отырған қоғам, ел мемлекет ғана осы қауіптің құрбанына айналуы ықтимал. Қазіргі заманның сынақтары  мен қатерлеріне қарсы тұру үшін-ең алдымен қоғамның жіктелуіне, бөлінуіне жол бермеу керек.

 

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған