• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 28 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 7 АЙДА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

20.08.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 7 АЙДА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Түркістанда Спорт күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

26.09.2025
Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

26.09.2025

В Шымкенте прошел традиционный Единый день отчета

26.09.2025

«Түркістан-Арена» стадионында өткен іс-шарада облыс спортшыларының жеңіп алған жүлделерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Әлемдік деңгейдегі кубоктар мен медальдар көрсетілді.

Жалпы биыл 7 ай көлемінде Түркістан облысының спортшылары жалпы саны 1000-ға жуық медаль олжалап, бұл көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарда келе жатыр.

Салтанатты жиында биыл республикалық және халықаралық додаларда жеңіске жеткен спортшыларға және білікті бапкерлерге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Грамотасы мен Алғыс хаттары тапсырылды. Сонымен бірге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдары өз иелерін тапты.

«Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, бір топ спортшы мен сала үздіктеріне партия филиалы атынан Алғыс хаттар тапсырды. Сондай-ақ облыстық мәслихат пен мәслихат хатшысының Алғыс хаттары да спортшылардың мерейін үстем етті.

Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортшылар мен бапкерлердің еңбегін жоғары бағалап, өңірде спорт саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Бірқатар чемпион мен бапкерге, осы салада қызмет етіп жүрген азаматтарға марапат тапсырып, құрмет көрсетті.
Мерекелік іс-шарада жас спортшылар стадион төрінде өз спорт түрлері бойынша жаттығулардан үзінді көрсетсе, бишілер тобы да өз өнерлерін көрсетті. Әншілер патриоттық әндерді шырқады.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде спорт нысандары көбейіп келеді. Бюджет есебінен де, жеке кәсіпкерлер қолдауы арқылы да спорт кешендерінің саны көбейіп жатыр.

Түркістан қаласының өзінде аз ғана уақытта «Түркістан-арена» стадионы, олимпиадалық резервін даярлау орталығы, «Olympic Center» кешені, халықаралық теннис орталығы ашылды. Қазіргі таңда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені, «Мұз сарайының» құрылысы жүріп жатыр. Ескек есу базасы, атшабар да ашылатын болады.
Нөмірі бірінші спорт түрі футболға мән беріліп, облыстың екі командасы премьер-лигада ойнап жатыр. «Тұран» академиясының жастары Қазақстан чемпионы атанып, чемпиондар лигасына жолдама алды. «Томирис- Тұран» командасы да чемпиондар лигасында өнер көрсетуде.
Осы жылдың 7 айында облыс спортшылары спорттын 59 түрі бойынша ел чемпионаттары мен бірішіліктеріне қатысып, 707 медальге кол жеткiздi. Оның 290-ы – алтын. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 168 (101 алтын, 40 күмiс және 27 қола) медальге қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында жалпы 53 (20 алтын, 22 күміс және 11 қола) медальге ие болған. Өңір спортшылары командалық додалар мен спартакиадаларда үнемі үздіктер қатарынан табылып жүр. Биыл журналистер спартакиадасы, былтыр «Ақ бидай» ауыл ойындарында топ жарды.

Жыл басынан бері Түркістан өңірінің 5 спортшысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанса, 87 спортшы ҚР спорт шебері нормативін орындаған. 214 сайыпқыран спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіне жетіп отыр.
Бүгінде облыста дене шынықтыру және спортен шұғылданатын тұрғындар саны 764 мың адамға жетті. Бұл – облыстағы жалпы халықтың 36,7 пайызы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

АЭРОПОРТ ШЫМКЕНТА ПОЛУЧИЛ RA3-СЕРТИФИКАТ

27.09.2025
ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

27.09.2025
«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» ЖАСТАР МЕН ҚОҒАМДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» ЖАСТАР МЕН ҚОҒАМДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

27.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған