• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

МАҚТААРАЛДА 5 ОБЛЫСТЫҢ БАЛЫҚШЫЛАРЫ 3 КҮН БОЙЫ БАЛЫҚ АУЛАУДАН ЖАРЫСТЫ

26.05.2022
in Аймақ, Денсаулық, Спорт
МАҚТААРАЛДА 5 ОБЛЫСТЫҢ БАЛЫҚШЫЛАРЫ 3 КҮН БОЙЫ БАЛЫҚ АУЛАУДАН ЖАРЫСТЫ

Мақтаарал аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Мырзакент» балықшылар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Шардара» су қоймасының жағажайында еліміздің 5 облысынан келген балықшылар 3 күн бойы балық аулаудан жарысты.

Оқи отырыңыз...

ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

02.07.2025
КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

28.06.2025
🏆 Қазақстан Премьер-Лигасы | 14-Тур

🏆 Қазақстан Премьер-Лигасы | 14-Тур

28.06.2025

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының қалалары мен аудандарынан және Шымкент қаласынан келген 100-ге жуық балықшы 37 командаға бөлініп, 3 күн бойы балық аулау бойынша өнерлерін көрсетті.

«Қазіргі заманда күйзеліске жиі ұшырайтын адамдар көп. Шаршағаныңды басып, күйзелісіңді жеңуге көмектесетін, өмір сүруге деген құлшынысыңды арттыратын демалыстың әрі спорттың ерекше түрі — балық аулау. Таза ауада, тұнық судың бойында жүйкең демалып, иммунитетің артатынын дәрігерлер де мойындайды. Сондықтан, Мақтаарал ауданы әкімдігінің атынан балықшылар қауымдастығымен бірлесіп, осы үлкен іс-шараны өткізуді қолға алдық» — деді аудандық мәслихаттың депутаты Сүндет Кенжебаев.

Ұйымдастырушылар Шардара су қоймасы балық аулауға ең қолайлы су айдындарының бірі екенін атап өтті. Өйткені, «Шардара» су қоймасы — Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес аудандарының арасында орналасқан еліміздегі көлемі жағынан ең үлкен 3-ші су қойма саналады. Сондай-ақ, жылы аймақта орналасқандықтан, балық шаруашылығына да өте қолайлы.

Жарыстың шарты бойынша әр команда 3 адамнан құралды. Бір командада 6 қармаққа дейін пайдалануға рұқсат берілді. Қайықпен балық алулауға тыйым салынды. Жарысқа спирттік ішімдік алып барған командалар бірден ойыннан шығарылды. Комиссия, судья мүшелері әділетсіз басқарып жатқан жағдайда балықшылар қауымы бас қосып, мүшелерді толық ауыстыруға да мүмкіндік берілді.

22-24 мамыр аралығында 3 күн бойы өткен жарыстың нәтижесінде 4-орынды «Ринат» командасы, 3-орынды «Абиш» командасы, 2-орынды «Сабыр» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ, бас жүлде 1-орынды «Абдул-Қасым» командасы иеленіп, Республикалық балық аулау жарысының Чемпионы атанды. Сонымен қатар, қармақты ұзақ қашықтыққа лақтыру бойынша және алғашқы балық, үлкен балық номинациялары бойынша да арнайы орындар берілді.

Барлық жүлдегерлерге аудан әкімі Бақыт Асановтың атынан сый-сияпат ретінде аңшылық пен саяхат жасауға пайдаланылатын қажетті құрал-жабдықтар берілді. Ауданның спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеев пен аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Сүндет Кенжебаев балық аулау жарысы әр жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынын атап өтті.

Айта кетейік, балық аулауға сәуір мен маусым айлары аралығы және қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысы ыңғайлы деп есептелген. Балықтың уылдырық шашар кезі су жылып, өзен тасыған маусым-шілде айларында болады. Өзендер тасып арнасынан асқан кезде, жайылма суларға да уылдырық шашады. Бұл кезде балық аулануға тыйым салынады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

03.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған