• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН АЗАМАТ

16.06.2022
in Без рубрики
ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН АЗАМАТ

Жасың келіп, зейнеткерлікке шыққан соң баяғы өмірдің екпінімен бір-екі жылдың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың. Кейін бірте-бірте өзіңді көштен қалып бара жатқандай сезінеді екенсің. Дегенмен, көпшілікке араласып қалған адам өмірдің ағымын байқап, елге жақсылық жасап жатқан азаматтарды көріп, олардың халыққа еткен еңбегін бағалап, жүзін жарық етуді өзіне парыз санап тұрады екен.

Оқи отырыңыз...

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

24.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

23.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

22.04.2025

Аллаға шүкір, ары таза, жүрегі кең, бойына ата-бабаларымыздың қасиеті қонған азаматтар арамызда аз емес. Солардың бірі – Жарылқасын Мелдешов. Жақаң Келес ауданы, Жүзімдік елді мекенінің тумасы. Ол мектеп бітірген соң Алматы медициналық институтына оқуға түсіп, 1975 жылы оны хирург мамандығы бойынша бітіріп шықты. Бірінші санаттағы дәрігер-хирург білімін жетілдіру институттарында оқып, қосымша мамандық игерді.

Адам денсаулығы оның жеке басына ғана қажет десек, қателесеміз. Оның денінің сау болғаны ең бірінші кезекте қоғамға керек. Дертіне дауа іздеп келген науқастың қас-қабағына қарап, ем-домын жасап жүрген ақ желеңділер жер бетінің қай түкпірінде болса да құрметке бөленетіні содан.

Жарылқасын Мелдешов 1976 жылдан Сарыағаш аудандық медицина мекемелерін басқарды. 2000-2006 жылдары аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып, қажырлы еңбегі үшін бірнеше рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық медицина басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Зейнеткерлікке шыққаннан соң Ол Сарыағаш қаласынан жекеменшік үй сатып алып, үлкен төрт қабатты үйдің құрылысын бастап жіберді. Денсаулық сақтау министрлігінде жауапты қызмет атқарған Дүйсебай Жаңабаев оған көмек қолын созды. Ол кісімен ақылдасып, жұмысты неден бастау керек, қаржы, кадр мәселесі, дәрі-дәрмек, қажетті құрал-жабдықтар, тағы басқа мәселелерді оңтайлы шешті. Біраз ізденістің, әрі-бері тынбай жүгірудің арқасында «Нұрболат» өндірістік медицина орталығы ашылды. Әрине, бастапқыда жағдай қиын еді. Керекті құрал-жабдықтар жоқ, маман-дәрігерлердің өзі жұмысқа ойланып кірісетін. Басында 5-6 пациентпен жұмыс бастады. Кейін заманауи медициналық аппараттар сатып алды. Осылайша орталыққа адамдар көптеп келетін болды. Кабинеттерді көбейтті. Емделушілер жататын орындарды ұлғайтты.

Күндердің күнінде үлкен төрт қабатты орталыққа қосымша ғимарат қосты. Жақын жерден науқастарды қарайтын үй сатып алды. «Нұрболат» медициналық орталығы қазіргі таңда 29 202 пациентке қызмет көрсетеді.

Ғимаратта терапевтік және хирургиялық профильдердің (екі ота жасау бөлмесі, жансақтау бөлмесі, күндізгі стационар) қызметі көрсетіледі. Медицина орталығында қазіргі уақытта 152 төсекті аурухана (оның 50-і хирургиялық, 92-сі терапевтік, 10-ы ақылы) 250 келушіге арналған емхана, жылжымалы жедел жәрдем бөлімшесі қызмет етеді.

Ұжымда 37 адамнан тұратын арнайы көмек көрсететін мамандар (кардиолог, реаниматолог, невропатолог, пульмонолог, эндокринолог, нарколог, педиатр, инфекционист, дерматолог, хирург, травматолог, гинеколог, уролог, офтальмолог, стоматолог, тағы басқа) жұмыс істейді.

Құрал-жабдықтарға келер болсақ, мұнда төртінші  буын аппараттар бар, 3 УЗИ кабинеті, флюро, ЭКГ, Хольтер, СМА спирографы бар сандық рентген аппараты жұмыс істейді. КДО-да биохимиялық және бактериялық зертхана бар. ИФА талдауының барлық түрлері жүргізіледі. Сондай-ақ, жаттығу терапиясы, массаж, физиотерапиялық процедур-парафин, UNF кварц, мавит, тағы басқа бөлімдер бар. Компьютерлік парк 100-ден астам жұмыс орындарынан тұрады. Damumed  жүйесіне қосылған.

«Нұрболат» медициналық орталығын жергілікті жұрт «Азиямед» деп атап кеткен. Бұл орталықта жалпы саны 173 адам қызмет атқаруда. Олардың 51-і жоғары санаттағы, медицина саласында қызмет еткен, арнайы шақыртылған жоғары санатты мамандар, 87-сі медбикелер.

Асылбек ИСМАЙЛБЕКОВ.Сарыағаш қаласы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған