Қазіргі таңда Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Облыс аумағында 135 төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда инфекциялық төсек- орындарының жүктемесі – 27,3%. Реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі – 7,1%. Коронавирустық инфекцияның әртүрлі сценарийіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 3 090-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Бұл туралы брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Мейрамбайқызы мәлімдеді.
Түркістан облысында ақпан айынан бастап 150 егу пунктінде екпенің І-компоненті – 1 047 064 адамға, ІІ-компоненті 1 047 134 адамға егілді. Сонымен қатар, бүгінгі таңға 765 966 адамға ревакцинация жасалған.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау дапертаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов облыста өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 6 жағдайы тіркеліп, 1 күндік өсім 0,03%-ды құрағандығын айтты. Өткен аптамен салыстырғанда «COVID–19» 24-ке өскен. Мамандар азаматтарды бетперделік режимді сақтауға шақырады.