Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық орталық аурухана бойынша 60 медициналық нысандар бар. Атап айтқанда, орталық аурухана, аудандық емхана бөлімшесі ауылдық аурухана – 4, БМСККО – 4, дәрігерлік амбулатория – 10, ФАП – 25, МП –16. Қазығұрт ауданының халқына толығымен сапалы медициналық қызмет көрсету үшін санитарлық-гигиеналық талаптарға мүлдем сай келмейтін ескі тозығы жеткен ғимараттарда отырған 12 – фельдшерлік-акушерлік пункттер мен 2-дәрігерлік амбулаторияларының жаңадан құрылысын салу үшін тиісті жер телімдері бөлініп, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына ұсыныс берілген. Құрылысты кезең-кезеңмен салу жоспарлануда. Осындай инфрақұрылымның дамуының арқасында тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші артқаны байқалады. Бұл туралы бізге ШЖҚ «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» МКК басшысы Бейбіт Орынбекұлы Төреханов ауданның денсаулық сақтау саласының жетістіктері туралы сұхбат барысында айтты.
Отандық денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста және аудандарда елеулі өзгерістер байқалады. Бүгінде денсаулық сақтау саласы өз қызметінің түпкі нәтижеге бағытталуымен, қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және нығайтумен, ұлттық медицина мәртебесін арттырумен, халықаралық стандарттарға сәйкес келтірумен сипатталатын сапалы жаңа деңгейге шықты. Саланы жаңғырту бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда, ресурстық қамтамасыз ету айтарлықтай жақсаруда, жұмысты ұйымдастырудың заманауи әдістері енгізілді, бірқатар құрылымдық қайта құрулар жүзеге асырылып, нәтижесінде облыс, аудан тұрғындарының денсаулық деңгейі мен өмір сапасы жақсаруда.– Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен қаржы қарастырылып Қақпақ, Жаңаталап және Ынталы ФАП-нің құрылысы жүзеге асыру көзделген.
Қазығұрт ауданында медициналық қызмет көрсету нысандары жоқ барлық елді мекендерді толығымен медициналық нысандармен қамтамасыз ету мақсатында Қызылдихан, Жіңішке, Үлгілі, Бейнеткеш, Майбұлақ, Жаңаталап елді мекендерінен медициналық нысандардың құрылысын салу 2023-2024 жылдарға жүзеге асырылу жоспарлануда.
Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қарасты 60 медициналық нысан болса, оның бүгінгі таңға дейін 10 нысаны ғана табиғи газбен қамтамасыз етілген. Осыған орай, бірінші кезекте табиғи газбен қамтылған елді мекендерде орналасқан 10-медициналық нысандарға 2021 жылы табиғи газ тартылды. Ал, 2022 жылы тағы 9 медициналық нысанды газдандыру жоспарланып отыр.
2021 жылы облыстық бюджет есебінен сметалық құны 101 млн. тенге қаржыға Қазығұрт аудандық емхана ғимараты толығымен күрделі жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді,- деп бастады әңгімесін бас дәрігер Бейбіт Орынбекұлы.
2022 жылы облыстық бюджет есебінен сметалық құны 590 млн. қаржыға Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылдың тамыз айында 3-қабаты А1- блогын пайдалануға беру жоспарлануда, толығымен аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына дейін жоспарланып отыр.
Скринингтік тексерулер аурудың алдын алуға көмектеседі
Скринингтік тексерулерден аудан бойынша 2022 жылғы бірінші жарты жылдықта 31593 бала қамтылды (жоспарланғандардың 73,3 %), оның ішінде 2385 балада (7,5%) аурулар анықталды. Анықталған науқастардан 1054 бала (44,2%) диспансерлік бақылауға алынды.
Қан айналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтау үшін
тексерілген 5174 ересек адамның 336-да ҚЖА анықталды. Анықталған науқастардың 332-сі диспансерлік есепке алынды.
Қан диабетіне 5379 ересек тексеріліп, 19 адамда қант диабеті сырқаты анықталды. Анықталған науқастардың 15-сі диспансерлік есепке алынды.
Глаукоманы ерте анықтау үшін 5397 адам тексерілсе, оның ішінде 2 адамда глаукома анықталды.
Сонымен бірге 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында скрининг шеңберінде жатыр мойнының ісік алды және қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін 1250 әйел тексеріліп, жатыр мойнының обыры
85 әйелде анықталды. Маммографиялық зерттеулер барысында 359 әйелден сүт бездерінің сырқаты анықталды. Жекелеген жас санаттары бойынша профилактикалық ұлттық скринингтік бағдарламаларды енгізу қан айналымы жүйесі ауруларын, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға ықпал етті.
Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда,- деген бас дәрігер аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартып, түрлі аурулардың алдын алуда бұл скринингтік тексеруден өткізудің маңызы зор екенін байқадық.
Аудан тұрғындары арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу
Қазығұрт ауданында оба, тырысқақ және контагиозды вирусты гемаррагиялық қызбалар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізудің 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары жасалынған. Аудандық орталық аурухананың аудандық СЭББ басшысымен келісілген аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша да 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарлы жүргізілуде.
Осы жоспарға сәйкес аудан көлеміндегі барлық емдеу-алдын алу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне аудандық СЭББ бірге бірлескен бұйрық негізінде 2 семинарлық сабақ өткізілді. Обылыстық обаға қарсы станция мамандарымен бірлесіп оба, тырысқақ арулары тіркелген жағдайда медицина қызыметкерлерінің атқаратын іс-шаралары оқу-жаттығу түрінде көрсетіліп, талқыланды. Сонымен қатар қазіргі маймыл шешегі туралы ақпарат берілді. Бұл семинар сабақтан бөлек ааурухана эпидемиолог дәрігерлері мен инфекционист дәрігерлері тарапынан, аға дәрігерлердің тарапынан қызметкерлер арасында күнделікті, тұрақты түрде семинар сабақтар өткізіледі, есебі апта сайын облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына беріліп отырады. Аса қауіпті аурулар тіркелген жағдайда арнайы хабарлау сызбалары барлық жерде ілінген.
Аудан бойынша обаға қарсы арнайы киілетін көпреттік 500 дана костюмдер емдеу мекемелеріне таратылып берілген. Вирусқа қарсы 1340 рибоверин таблеткасы жинақталып, 300 таблетка емдеу алдын алу мекемелеріне таратылып берілсе, 840 таблетка дәріханада сақталуда,-деген бас дәрігер Бейбіт Орынбекұлының әңгімесінен ауданда құтыру, бруцеллез ауруларының алдын алу жұмыстарының дұорыс жолға қойылғанын білдік.
Ауданның эпидемиолог дәрігері М.Айнабекованың берген мәліметіне сүйенсек, ауданда 2022 жылда сібір жарасы бойынша Алтынтөбе е/м 3 расталған жағдай тіркеліпті. 3 расталған жағдаймен жанаста болған 6 ошақ бақылауға алынып, 46 жанастағыларға бақылау парағы ашылған. Олар 14 күндік бақылауда. 3 науқас жұқпалы аурулар бөлімінде емін алуда, жағдайлары қанағаттанарлық. Жанастағылардың ішінде әзірге ешкімде шағым жоқ, бақылау жалғастырылуда. Сібір жарасы туралы медицина қызметкерлері арасында семинар сабақ өткізіліп, 500-ге жуық парақша таратылған.Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Вакциналау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
2020 жылдан бастап елде коронавирус инфекциясымен күрес жүріп жатыр. Індетті тоқтатудың жалғыз әдісі – вакцина.
– Вакцина алған адамның коронавируспен ауырып қалу қаупі төмендейді. Тіпті ауырып қалған жағдайда да жеңіл өтеді. Тұрғындар осыны түсінуі керек. Ауданымызда халықты вакциналау және де ревакциналау науқаны қарқынды түрде жалғасып жатыр. Вакциналау пункттері алғашқы медициналық санитарлық ұйымдардың барлығында ашылған, оларда керекті құрал-жабдықтар толық бар. Ересек адамдар, жүкті әйелдер және 12-18 жастағы балалар вакцинаның бірнеше түрімен қамтылған. Әр адам өзінің таңдауы бойынша вакцинаның кез келген түрін ала алады,-деді бас дәрігер Бейбіт Төреханов.
Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқарма басшысының бұйрығымен Рабат ауылдық ауруханасынан 50 төсек орындық карантиндік стационар ашылды . Карантиндік стационарға ҚР ДСМ Бас санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес шекарадан өткен короновирус жұқпасына сараптама алынбаған азаматтарды анализ сараптамасының нәтижесі шыққанша 3 күнге дейін жатқызылады. Карантиндік стационар өз жұмысын 06.11.2020 жылдан бастады, осы күнге дейін 3832 адам қабылданды.
Коронавирус жұқпаның алдын алу және халық арасында таралуын болдырмау, санитарлық ағарту жұмыстары медицина қызметкерлері тарапынан тұрақты жүргізіліп отыр. Қазіргі таңда КОВИД сырқаты өршіген жағдайда науқастардың еміне қажетті дәрілік және қорғаныс заттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті,- дейді Бейбіт Орынбекұлы.
Иә, ауданда жасалып жатқан іс-шараларды тізбелемесек те, халық куә болған игі істер саны жетерлік бұл салада. Аз уақытта біздің еліміз елеулі жетістіктерге қол жеткізді, дамыған нарықтық экономикасы, тұрақты саяси және әлеуметтік жүйелері бар заманға сай демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты.
Кезінде дұрыс таңдалған басымдықтардың арқасында, барлық сынақтардан шығып, еліміз орнықты даму және халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын ұдайы арттыру жолына шықты.
«NEWQAZAQ.KZ»-ақпараттық порталы.