• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 16 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ:МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІККЕ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ АҚЫСЫЗ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

02.08.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ:МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІККЕ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ АҚЫСЫЗ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтар көбейген. Осы ретте,қайтарымсыз мемлекеттік грантты алып беру, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерінде оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу фактілері де жиілеген.

Оқи отырыңыз...

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

14.11.2025

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова брифингте ресми мәлімдеді.

– Алаяқтар өздерін азаматтарға жоғарыда көрсетілген мемлекеттік шараларға тарту мақсатында қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының атын жамылып және мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған. Нәтижесінде бірқатар қала тұрғындары алданып, жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, аудандық ішкі істер бөлімшелеріне арыздарын жазуда. Бұл ретте, қала тұрғындарын мұндай іс-әрекеттерге бармауға, алаяқтықтарға алданбауға шақырамыз. Егер де, сенімсіздік болса, немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз құзырлы органға (1424 Адалдық алаңы), қалалық жұмыспен қамту басқармасына (27-74-31) шағымдануына болады. Бұл мемлекеттік шаралар ақысыз және қолжетімді жүргізіледі, — деді Балмаржан Полатқызы.

Спикердің сөзінше, қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ағымдағы жылдың сәуір айында business.enbek порталы арқылы азаматтан өтінім қабылданып, нәтижесінде 437- і өтінімнің 336-сы комиссияға ұсынылған, ал тиісті санаттарға жатпайтындар саны 101.

Комиссия қаралымына ұсынылған 226-ы азаматтың бизнес-жоспарлары мақұлданған. Ал кері қайтарылғаны 110. Оң нәтиже алған жастар санатынан 36 болса, 157-сі халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға өтінім қабылдау басталады.

Өтінім «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Осы шараға қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Қайтарымсыз грантты алуға Үміткердің санаттары көрсетілген.

Олар: еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар азамат, қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар азамат, өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы / зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар, 29 жасқа дейінгі жас азаматтар қатыса аладады және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған