• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 26 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Supermom Academy бағдарламасының тиімділігі

26.07.2022
in Басты ақпарат
Supermom Academy бағдарламасының тиімділігі

Өмірге дені сау ұрпақ әкелу үшін оның денсаулығын анасының құрсағында жатқанда қамқорлыққа алып, толық бақылауға алу қажет. Ол үшін ана мен дәрігер тығыз байланыста болуы тиіс.
Ана мен дәрігер байланысын нығайту мақсатында Отырар ауданының аналары үшін қуанышты жаңалық «Supermom» қосымшасы іске қосылды.
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің білікті дәрігерлерімен бірігіп жасалынған бұл бағдарлама облыс бойынша ауданымызда алғаш болып орнатылды.Аудандағы әрбір аймақтық дәрігер жаңадан босанған, енді босанатын жүкті әйелдердің телефон нөмірлерін WEB порталына тіркейді. Сол арқылы әрбір ана тәулік бойы онлайн режиміндегі дәрігерлерден кеңес алады. Сонымен қатар ана мен баланың жағдайын қосымша арқылы біліп, пациенттердің қабылдауға жазылуын азайтады. Қосымшада ана мен баланың бір жылдық денсаулығы бойынша мәліметтер де сақталады. Бұл бір жағынан дәрігердің жұмысын жеңілдетсе, екінші жағынан аналар емханаға келіп кезекте сабылып тұрмай дәрігердің кеңесін телефон арқылы алады.
24 сағат тәулік бойы үздіксіз қызмет ететін бұл қосымшада аналарға қажетті барлық мәліметтер яғни, онлайн-кітапша, болашақ аналарға кеңестер, дәрігерлік-зертханалық сұрақтар т.с.с көптеген кеңестерді тегін ала алады. Дәрігерлер мен медбикелер байланыста отырады,қосымшаға тіркелгендер дәрігермен бетпе-бет отырғандай әсер алады.
Бұл қосымшаның тағы бір ерекшелігі — жедел жәрдем шақырып әуре болмайсыз. Егер жағдайыңыздың нашарлағанын сезінсеңіз арнайы қосымшаға кіріп «SOS» батырмасын 3 секунд басып тұрсаңыз жеткілікті. Қосымша өзі тез арада дәрігермен байланысқа қосады. Ары қарай аймақтық дәрігер қосымшаға тіркелген жақындарыңызға телефон соғу арқылы жағдайды жеңілдете алады. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік мол болады. Шағымдар мен өтініштер туындаған жағдайда қосымша арқылы жібере аласыз. Қосымша арқылы жолданған барлық өтініштер жауапсыз қалмайды. Барлығына эксперттер мен тиісті дәрігерлер жауап береді.
Аталған қосымшада патологияны анықтау тестінің арқасында шығындарды оңтайландырып, оның алғашқы сатысында анықтауға зор мүмкіндік береді. Барлық деректер тапсырылған анализдер саны мен дәрігерге онлайн бару саны және т.б жүйеге жазылады және жүйеленеді.Клиенттің қанағаттану индикаторын арттыруға көмектеседі. Емхана дәрігерлеріне институттың медициналық сарапшыларының қолдауын пайдалануға мүмкіндік береді.
SA WEB дәрігерлер кабинеті «SOS» функциясымен жабдықталған.Науқастарды қашықтықтан көріп тексеруге, covid- және басқа да ауруларды жұқтырудан сақтайды.
SA-қосымшасы жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар мен аналарды жайлылықпен қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған. Олар осы қосымшаның арқасында тұрғылықты үй жағдайында төмендегідей мүмкіндіктерді ала алады.
— нөлдік балансқа қарамастан тәулігіне 24 сағат бойы акушер-гинеколог, педиатрдың онлайн кеңесін алуға мүмкіндіктері бар.
-жүкті және балалы әйелдер аурудың прбофилактикасы мен әдістерін толығырақ біле алады.
-автоматты түрде жедел жәрдеммен байланысуға мүмкіндік беретін SOS батырмасы аурудың алдын алады
-аурудың белгілерін анықтайтын тестке қол жеткізеді
-дәрігер-консультанттардың қатысуымен басқа әйелдермен жеке әлеуметтік желіде ой пікір білдіруге, өз ойларын ортаға салып бөлісуге көмектеседі.
Жүктіліктің ерте кезеңіндегі паталогияны анықтап, аурудың алдын алуға, қиын жағдайға апарудан сақтайды.
-паталогияны анықтау тестінің арқасында шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда аталған қосымшаға ауданымыздан 570 ана тіркеліп, қажетті ақпараттар алып, мамандармен тығыз байланыста. Қосымшада жалпы 5 маман, акушер-гинеколог, педиатр, психолог, терапевт дәрігерлері үздіксіз қызмет көрсетеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

26.09.2025
Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

26.09.2025

В Шымкенте прошел традиционный Единый день отчета

26.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  Сот отырысы хатшысының рөлі

26.09.2025
Медиация мақсаты – бітімгершілік

Медиация мақсаты – бітімгершілік

26.09.2025
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

26.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған