Қала әкімінің есепті кездесуінде Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты.
🚰 2023 жылы ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта биыл Нұртас су жинақтағыш магистралды құбырының құрылысы аяқталады. Ал Қайнарбұлақ және Асар-2 елдімекенінде құрылыс жүргізіліп, келер жылы пайдалануға беріледі.
💡 Достық пен Асар-2 тұрғындары сапалы электр желісіне қол жеткізеді. Тассай шағын ауданында құрылыс жұмыстары осы жылы басталып, 2023 жылы аяқталады. Нәтижесінде биыл ауданды электрмен қамту 97 пайызды құрамақ.
🔥 Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 90 пайызға жетеді. Бұл мақсатта Тұран, Тассай, Нұртас, Қайнарбұлақ, Асар-2 елдімекендерінде құрылыс жұмыстары басталады. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.
🕳️ Мирас, Ақжайық, Тұран ішкі магистралы, Асар-2, Тассай, Достық елдімекендерінде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Асар-2, Тассай, Достықта жұмыстар алдағы жылы аяқталады.
🔦 2022 жылы 39 көше жарықтандырылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі