• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 28 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЕЛЕНА РЫБАКИНАҒА «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІН ТАБЫСТАДЫ

13.07.2022
in Басты ақпарат
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЕЛЕНА РЫБАКИНАҒА «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІН ТАБЫСТАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесті.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

27.04.2026
Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

27.04.2026

Үкімет басшысы Елена Рыбакинаға ҚР Президентінің Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

«Барлық қазақстандықтар Сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайыстарыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, Сіз отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Елена Рыбакина жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезініп жүретінін айтты.

«Әрине, мен отандастарымыздың қолдауын ұдайы сезінемін. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алған адамдардың көп болғанын көрдім. Бұл жағдайдың менің басымнан өтіп жатқанына әлі де сене алар емеспін», — деді ол Премьер-Министрмен кездесуден кейін.

Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты.

«Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім», — деді Елена Рыбакина.

Сондай-ақ спортшы қаражаттың бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отыр.

«Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастаймын. Биылғы мақсат – әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат – бірінші болу. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын», — деді Уимблдон-2022 жеңімпазы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ:  476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: 476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

27.04.2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған