• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫҢҒЫС МҰҚАН ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

12.07.2022
in Басты ақпарат
ШЫҢҒЫС МҰҚАН ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Ақын-жазушыларға шығармашылық қолдау көрсету мәселесі жиі сөз болады. Біздің қоғамда ақындық пен жазушылық кәсіп емес. Бірақ, ол — сіздерге қонған дарын. Дарын сіздердің артықшылықтарыңыз». Жас қаламгерлермен кездескен Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы
Ш. Мұқан осылай деді.
Кездесуге жас ақындар Сүндет Сейітов, Салтанат Мадиярқызы, Арайлым Мұратәлиева және жазушы Жәудір Нартай қатысты. Еркін форматтағы отырыс барысында жас қаламгерлердің жұмыспен қамтылу мәселесі де назардан тыс қалмады.
— Ақын-жазушыларға шығармашылық қолдау мәселесі жиі сөз болады. Шетелдерде жазушылар өте бай. Олар шығармасымен елді елітіп, сол туындысына алған қаламақысымен өмір сүреді. Біздің қоғамда ақындық пен жазушылық кәсіп емес. Бірақ, ол — сіздерге қонған дарын. Дарын сіздердің артықшылықтарыңыз. Сіздер де өз өнімдеріңізді өткізе білулеріңіз керек. Әуелі, шығарма арқылы оқырман жүрегіне жол табу маңызды. Екінші, шығармашылық маркетингті дамыту қажет. Яғни, өніміңіз оқырманға өту үшін сіздер олармен жақын болыңыздар, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жиын барысында жас қаламгерлердің алдағы жоспары талқыланды.
— Жуырда замандастарыңыз Сүндетпен сөйлесіп, біраз мәселенің басын шалдық. Алайда, сіздер өз замандастарыңыздың жүрегіне жол тауып, әуелі осы шымкенттіктерге танылыңыздар. Жуырда өздеріңіз ұйымдастырған «ШАМ» бірлестігінің шығармашылық кешіне қатысып, поэтикалық дуэльдеріңізді тамашаладым. Алайда, аудитория әлі де аз. Шымкентте 200-ден аса мектеп, 8 ЖОО, 30-дан астам колледж бар. Сіздер арнайы шығармашылық бағдарламамен осы білім ұйымдарындағы замандастарыңызбен кездесіп, өздеріңізді таныстырыңыздар, — деді. Ш. Мұқан.
Жас қаламгерлер кездесу барысында өз пікірлерін білдіріп, бүгінгі поэзия мен проза тілі жайлы әңгіме өрбітті.
«Шымкент келбеті» —Замира АЛДАБЕРГЕНОВА
Суретті түсірген Серік ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

21.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

21.10.2026
Республика күні – елдігіміздің асқақ рухы

Республика күні – елдігіміздің асқақ рухы

21.10.2026
ШЫМКЕНТТЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕРДІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

СДЕЛАНО В МЕГАПОЛИСЕ: В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ВЫСТАВКА МЕСТНОЙ ПРОДУКЦИИ

21.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған