• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 25 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау

30.06.2022
in Басты ақпарат
Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау

Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 1201 азаматтың өтінімі мақұлданды.Қазіргі таңда тұрғын үй басқармасымен «Отбасы банк» АҚ арасында келісім шарт түзілуде. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген соң тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімі мақұлданған азаматтардың 50 пайыз жалдау ақысы мемлекет тарапынан төленетін болады. Отбасы мүшесінің санына байланысты максималды субсидияланатын сома мемлекет тарапынан бекітілген, ол 85678 теңгеден аспайды. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс. Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің банктік ағымдағы шоты болуы тиіс. Азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Бейбітшілік 3, мекенжайында орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады. Атаулы көмек қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын алушы өз бетінше төлейді. Оператор болып «Отбасы Банкі» анықталды.
Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
3) тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
4) Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.
Республикалық бюджетке жүктемені төмендету мақсатында және кейбір өңірлер бюджеттерінің тапшылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттерден 20% мөлшерінде қоса қаржыландыру жоспарланған. Төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтар «Отбасы банк»АҚ-ға жүгіне алады.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

23.09.2025
Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

23.09.2025
Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

23.09.2025

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

25.09.2025
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

Начался конкурс на лучшее название первой АЭС Казахстана

25.09.2025
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

25.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған