• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 10 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

16.06.2022
in Басты ақпарат
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы даталы күнге орай қаламыздың опера және балет театрында мерекелік кеш өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, медицина саласының өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.
– Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан бұл мереке атаусыз қалып қойды. Бүгін ақ халатты абзал жандардың еңбектерін атап өтіп, ерекше құрмет көрсетудің сәті түсіп тұр. Конституциямызда бірінші құндылық адам және оның өмірі делінсе, сол құндылыққа адал қызмет ететін медицина мамандары. Ендеше оларға қалай құрмет көрсетсе де жарасады. Соңғы жылдарда қаланың денсаулық сақтау саласы қарыштап дамуда. Оны қол жеткізген соңғы жетістіктерге қарап бағалай аламыз. Мәселен, балалар ауруханасы соңғы үлгідегі нейрохиругиялық жабдықтармен жабдықталды. Күрделі ауруға шалдыққан 36 баланың еміне бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Денсаулық күзетінде тұрған мамандардың төл мерекесі құтты болсын!, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Адам тәні мен жанын емдеуде барын салған дәрігерлер мен медбикелердің ерен еңбегін бағалап, алғысын білдірген қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ақ халатты абзал жандарға депутаттар атынан да ізгі тілегін жеткізді.
– Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, көптеген жоспарлар орындалып келеді. Мәселен, Симуляциялық және Оңалту орталықтарын салу көзделген еді. Ол жоспар жүзеге асты. Сондықтан медицина саласы әрдайым назарда тұру керек. Өйткені дені сау ұлт – мемлекеттің жарқын болашағының кепілі. Профилактиканы қолға алмай, медицина өкілдерінің біліктілігін арттырмай денсаулық сақтау саласында нәтижелі жетістікке қол жеткізу мүмкін емес. Сол үшін медицинаға көңіл бөлуде аянып қалмаймыз, — деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Салтанатты жиында бір топ үздік медицина саласындағы еңбек озаттарына Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі және қалалық мәслихаттың «Құрмет грамотасы» табысталды.
Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Дереккөз: «Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, Фото: Серік ҚОСАЕВ

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған