• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДА ҚҰРҒАҚ УӘДЕ, БОС СӨЗ БОЛМАЙДЫ

07.06.2022
in Басты ақпарат
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДА ҚҰРҒАҚ УӘДЕ, БОС СӨЗ БОЛМАЙДЫ

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5-маусымда өткізілген жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша үндеу жасағаны белгілі. Президент референдумда дауыс беруге қатысқан 8 миллионнан астам халықтың басым көпшілігі Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсынысты қолдайтындарын, осылайша мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын мәлімдеді. Референдум жоғары деңгейде өткізілгенін, мұны халықаралық және отандық байқаушылар да анық байқағанын атап өтті. Мемлекет басшысы енді елімізде әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұрғанын айтты.
Енді елімізде халықтың тұрмыс сапасы арта түседі. Бұл үшін жоғары өнімді ауылшаруашылығы мен қуатты көлік-логистика жүйесі дами түседі. Мемлекеттік аппарат жұмысында бюрократия жойылып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы салтанат құрады. Мемлекеттік аппарат бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдары және халықпен біте қайнасқан жұмысты жолға қояды. Және халыққа есеп беру есеп үшін емес, ашық әрі шынайы болады. Шағын ғана топтың еліміздің ен байлығын өзінің мүлкіндей етіп пайдалануына мүмкіндік берген заң нормасы қайта қаралады. Елден шығарылып, шетел асқан қаржыны мемлекетке қайтару операциясы басталады.
Мемлекет басшысы өз үндеуінде осы және өзге де басымдықтарды жүзеге асыру жолында құрғақ уәде, бос сөзге жол берілмейтінін қадап айтты.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанға қадам басуға апаратын бастапқы баспалдақ – жалпыхалықтық референдумға белсене қатысып, оған қолдау білдірген халыққа зор ризашылығын білдірді. Одан өзге Конституциялық өзгерістердің мән-маңызын жергілікті тұрғындарға ұғынықты тілде түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтты.
Өздеріңізге белгілі Amanat партиясы референдумды халыққа түсіндіру жұмысына бірінші күннен бастап кірісті. Осы ретте партия жанынан референдумды қолдау жөніндегі штаб құрылды. Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Amanat партиясының мүшесі ретінде менде сол штаб құрамында болып, тұрғындармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарына қатыстым. Тұрғындармен кездесу кезінде біздер тек референдумның саяси салмағын түсіндіріп қана қоймай, халықтың Жаңа Қазақстанды құруда қандай өзгерісті күтетіні туралы талап-тілектерін тыңдап, олардың үнін партия филиалына жолдадық.
Кеше референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды. Мегаполистер ішінде Шымкент қаласының тұрғындары дауыс беруге белсене қатысқаны белгілі болып отыр. Бұл қала тұрғындарының жауапкершілігін арттыруда төккен тер мен еткен еңбектің жемісті болғанын білдіреді.
Айжан НАИМБЕКОВА,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Amanat партиясының мүшесі.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған