• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

07.06.2022
in Басты ақпарат
ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем берген Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш рет өтті. Қазақстандықтар тарихи таңдаудың маңызын түсініп, үлкен жауапкершілікпен сайлауға қатысып, өз дауыстарын берді. Алдағы уақытта елімізді үлкен өзерістер күтіп тұр. Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік береді. Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Партиялық жүйені дамыту мен олардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында – саяси партияны тіркеу талабы 20 мың адамнан 5 мың адамға төмендейді. Өңірлік өкілдіктер саны 600 ден 200 ге азайып, бастамашыл топ саны 1000-нан 700-ге қысқарды. Бұлардың барлығы Әділетті Қазақстанды құрудың алғышарты болатыны анық.

Оқи отырыңыз...

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

08.01.2026
Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

05.01.2026
Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

30.12.2025

Конституцияның жаңа редакциясының ескіден басты айырмашылығы – бұл басқару жүйесінің өзгеруі, биліктің қатаң вертикалынан бас тарту, президенттік басқарудан президенттік-парламенттік республикаға бірқалыпты және заңды түрде көшу болмақ. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр.

«AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде үгіт-насихат жұмысына бірінші күннен бастап белсенді түрде кірісті. Республикалық штаб құрылып, оған партия Төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік етті. Республика бойынша аймақтарда 217 штаб жұмыс істеп, 12 мыңнан аса үгіт-насихат шарасы өтті. Сондай-ақ Шымкент қаласынан да арнайы штаб құрылып, халыққа түсінікті тілмен ақпарат берілді.  Шалғай елді мекендердің, ауылдардың, қалалардың тұрғындарымен, жастармен, мұғалімдермен, кәсіпорын қызметкерлерімен өткен кездесулер еркін, ашық форматта жасалды.

Халықпен өткен кездесулерде тұрғындардың негізі мәселелері тыңдалып, ұсыныс-пікірлері ескерілді. Кешегі өткен сайлауда Шымкент қаласының дауыс беру нәтижесі бойынша алдыңғы қатарда тұрғаны, бір ай көлемінде жасалған еңбектің жемісі деп білемін. Аманаттықтар сайлау күні алдыңғы қатарда белсенді түрде дауыс беріп, әділетті қоғамның алғашқы іргетасы қалауға өз үлестерін қосты. Ендігі кезекте әрбір азамат өзгерісті өзінен бастап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел дамуына жасап жатқан оң өзгерістерін қолдайды деп сенемін.

 КЕРІМБАЕВА НАРГИЗА АБАЙДУЛЛАҚЫЗЫ,

Мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

09.01.2026
Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

08.01.2026
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

08.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған