• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 7 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНДА ЖАҢА ДӘУІРГЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

07.06.2022
in Басты ақпарат
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНДА ЖАҢА ДӘУІРГЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның қорытындысы бойынша бейнеүндеуінде Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылғанына айрықша тоқталды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

06.10.2026
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

30.09.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

30.09.2026

«Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді. Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты. Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылды. Осы жолда бірлігіміз әрдайым бекем болсын! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге өркендетейік, ағайын!», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент бейнеүндеуде Ұлытауда Ұлттық құрылтай өтетінін, оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылатынын да мәлім етті. Президент өз сөзінде Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі керектігін айтты. Бұл, әрине, еліміздің дамуы жолындағы елеулі өзгеріс.

«Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін атап өтті.

«Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Жаңа Қазақстанның іргетасын құру үшін ел бірлігі мен мемлекетшілдік маңызды. Ендігі ретте қолға алынған жұмыстар мен Ата Заңымыздың негізі саналатын азаматтардың өмірін көздейтін шараларды бірлесе жүзеге асыруымыз керек. Ол үшін елдіктің жолында бірлік пен ынтымақ керек.

Елена Стребкова,
Кентау қалалық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

THE WORLD FINANCIAL REVIEW: ТОҚАЕВТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ БЕРДІ

THE WORLD FINANCIAL REVIEW: ТОҚАЕВТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ БЕРДІ

07.10.2026
Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады.

Из колледжа — в строй: история о том, как семеро одногруппников выбрали службу в Нацгвардии

07.10.2026
Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады.

Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады.

07.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған