• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 23 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР МЕН ТЕРМЕШІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

02.06.2022
in Басты ақпарат
ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР МЕН ТЕРМЕШІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкент қаласының Түркістан сарайында «Рухани жауһарлар» атты республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауы басталды.
Конкурстың салтанатты ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
–Алдымен, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің конкурс қатысушыларына құттықтау сөзін жеткізуді рұқсат етіңіздер. Бүгін бәсекелестікке толы байқау болғалы тұр. Қазақ сахарасында өнерпаз болып дүниеге келмеу мүмкін емес. Өйткені кең даланы сыртқы жаудан қорғау үшін, ішкі бірлікті сақтау үшін бір рухани тірек керек болды. Дәстүрлі ән, терме сол тіректің рөлін атқарды. Ғалымдар қазақтың ән дәстүрінде 40-тан астам жанр бар деп айтады. Ұлтымызды ғасырдан-ғасырға дәстүрін жоғалтпай жеткізген – сол қазақ өнері. Оны сақтау бүгінгі ұрпақтың мойнына артылған аманат, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
«Рухани жауһарлар» байқауының идеялық авторы журналист, Анар Сүлеева болса, ұйымдастыру жағынан қолдау көрсеткен қалалық әкімдік.
–Бұл байқаудың мақсаты–Оңтүстік өңірінің дәстүрлі ән және терме өнерін насихаттау, ұмыт бола бастаған жырларды қайта жаңғырту. Сондай-ақ қазақтың домбырасының қоңыр үнін сахнада әуелетіп, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі ән-жыр мектептерінің мақамдарын тірілту, — деді А.Сүлеева.
Конкурсқа Рамазан Стамғазиев сынды елімізге белгілі өнер майталмандары қазылық етеді. Өнер қайраткері байқауда халық әндері мен халық композиторларының шығармалары орындалатынын жеткізді. Сондай-ақ конкурс талабына сай бір ән оңтүстік жыр мектебінің туындысы болуы шарт. Яғни әрбір қатысушы қатарынан 3 ән орындайды.
Өнер сайысында жеңіске жеткендерге қомақты жүлде қарастырылған. Байқаудың бас жүлдесі – 1 млн теңге. «Рухани жауһарлар» конкурсының соңы гала-концертпен аяқталады.
«Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ,
фото: Серік ҚОСАЕВ

Оқи отырыңыз...

АГРАРЛЫҚ СЕКТОР – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

АГРАРЛЫҚ СЕКТОР – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

19.09.2025
Түркістан облысында Мәжіліс депутаты кәсіпкерлермен кездесті

Түркістан облысында Мәжіліс депутаты кәсіпкерлермен кездесті

19.09.2025
«Paryz» конфедерациясының жетекшілері Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

Представители конфедерации «Paryz» встретилась с предпринимателями Шымкента

18.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Встреча акима Шымкента с чемпионами мира и Азии

23.09.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

23.09.2025
Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады

Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады

22.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған