• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 27 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

01.06.2022
in Басты ақпарат
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкентте 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде ерекше балаларға барынша сый-сияпат көрсетіліп, мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өткен шарада мүмкіндігі шектеулі балалардың өздері дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылды. Ерекше көз тартымды дүниелері көпшілікті тамсандырды. Балалар сондай-ақ, асфальтта сурет салып, қиял-ғажайып армандарын түрлі-түсті қаламдары арқылы жеткізгендей. Ісшараға қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков арнайы қатысып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.

Оқи отырыңыз...

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бизнес жобаларын таныстырды

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бизнес жобаларын таныстырды

25.10.2025
«Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді

«Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді

25.10.2025
Кәсіпкерлер не дейді? Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы өткір мәселелер көтерілді

Кәсіпкерлер не дейді? Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы өткір мәселелер көтерілді

25.10.2025

-Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту о бастан балалардың саулығы мен құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтуға негізделген. Ата-ана ретінде барлығымыз бүлдіршіндердің амандығын тілейміз. Сонымен қатар өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді ұмытпауымыз қажет. Өйткені бүлдіршіндердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне бірінші кезекте біз жауаптымыз,-деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.

Балаларды қорғау күні мерекесіне ата-аналар да қатысып, қала басшысының орынбасарымен бірге орталықтың қызмет сапасын бақылады. Аралау барысында сала мамандарына жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Жалпы, орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі. Қазір мұнда 115 бала ем қабылдауда. Олардың басым бөлігі қол арбасына таңылған. Дәрігер мамандар мен әлеуметтік сала қызметкерлері орталықта аптасына 5 күн таңертеңнен кешке дейінгі уақытта түрлі емдік шараларын көрсетеді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласында 37 337 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде 6 844 -і 18 жасқа дейінгі балалар.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ

НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ

27.10.2025
ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ

26.10.2025
В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»

Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті

26.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған