• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНУ ҚАРАЛДЫ

27.05.2022
in Басты ақпарат
БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНУ ҚАРАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында кешенді шаралар қабылдауда.
Солардың бірі, қылмыстық істерді тергеу нәтижесімен сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсынулар енгізіліп, мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда.
Осы ретте, кезекті жиын Департамент басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаевтың, білім бақармасы мен білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен өтті.
Шараны өткізуге білім саласының өкілдеріне қатысты қылмыстық істі тергеу нәтижесі бойынша енгізілген ұсыныс себеп болған.
Кездесуде қатысушыларға бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мен жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті ескертілді.
Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласында мектептерде заңсыз ақша жинау тыйылмай тұрғандығы талқыланды. Департамент өкілдері Агенттіктің 1424 Call-орталығы мен Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларына мектептердегі бітіруші сыныптардың ата-аналарынан мұғалімдерге сыйлыққа, емтихан алушы мұғалімдердің тамақтануына, бітіру кештеріне, сыныпта жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар сынып жетекшілеріне бағалы сыйлықтар алуға ақша жиналып жатқандығы бойынша хабарламалар келіп жатқандығын жеткізді.
Осы ретте алдағы уақытта ұжымдар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, парасаттылық қағидаларын қалыптастыруға, мектептерде ақша жинамауға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Кездесуде қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Р.Әліш қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заңбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, барлық ұсыныстар жіті назарға алынып, сол бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған